Онлайн газет



Көрме өткізу тарихындағы сәтті көрмелердің бірі атанды


ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастырушылар кеңсесіне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов бастаған министрлік басшылығы келді. 
Көрме павильондарын қарап шыққаннан кейін, Сыртқы істер министрлігінің делегациясы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті.
Басқосу барысында ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық қатысушыларымен жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңесті.
«Көрмені ұйымдастыру мен өткізу бағытындағы жұмыс қарқыны, шын мәнінде, ерекше әсер қалдырды. Көрменің әлем назарын аудартатын, жоғары деңгейде өткізілетін айтулы іс-шара болатындығына сенімдімін», - деді СІМ басшысы.
Өз кезегінде, Ахметжан Есімов ұлттық компания тарапынан өткен жылы атқарылған жұмыстармен таныстырып, барлығы 150 ресми кездесулердің, оның ішінде, шетелдің премьер-министр, вице-премьер, министр  деңгейіндегі 36 шетелдік делегацияның қатысуымен  өткізілгендігін айтып өтті. Бүгінгі таңда, 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындығын растады. Демек, ЭКСПО-2017 көрме өткізу тарихындағы сәтті көрмелердің біріне айналып отыр.

Обновлено 13.02.2017 11:00
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін733
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада733
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40923
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248309

Серіктестер