Онлайн газет



Жолдаудың басым бағыттары түсіндірілді

Бүгінде халық қалаулылары республикамыздың өңірлерін аралап, Елбасы Жолдауын ел халқына насихаттауда. Осы мақсатта ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ертарғын Астаев ауданымызға келді.
Суханбаев ауылдық округіне қарасты Жақаш ауылы тұрғындарымен болған кездесуде Сенат депутаты Е.Астаев үстіміздегі жылдың 31 қаңтары күні жарияланған  Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында сөз болған бес басымдықты кеңінен түсіндіріп берді. Құжатта адам капиталын дамытуға айрықша мән берілгенін атап өткен халық қалаулысы озық 30 елдің қатарына қосылу жолында жастардың жақсы білім алып, еңбек етуі маңызды екендігіне тоқталды. Бесінші басымдықтағы  институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күреске ерекше назар аударып өтті. Ел Президентінің Үндеуі, Конституция мен Заңдарға енгізілетін өзгерістерге түсінік берді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 13.02.2017 10:59
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін909
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада909
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда41099
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248485

Серіктестер