Онлайн газет



ЖОЛДАУҒА-ҚОЛДАУ

Үшінші жаңғыру - жетістік кілті

Артықбай Үкібаев,
аудандық мәслихаттың депутаты.

Елбасының ел дамуына тың қарқын беретін “Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық  бәсекелестікке қабілеттілік” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басым бағыттар уақыт талабынан туындаған міндеттер деп білемін. Өйткені, қазіргі әлемдегі алмағайып ахуалды, түбірлі өзгерістерді зерделей білген Мемлекет басшысы  бұл жолы да білгір саясаткер  екендігін  мойындатты.
Қазақстанды Үшінші жаңғырту шеңберінде Президент ұзақ мерзімді мақсаттармен қатар,  тез арада шешілуі тиіс міндеттерді де  көрсетіп берді. Соның ішінде, экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру, жаңа Еуразиялық  логистикалық инфрақұрылымды дамыту-уақыт күттірмейтін шаралар екені шындық.
Жолдауда  еліміздің аграрлық  саласын өркендету арқылы халықты таза да сапалы өніммен қамту, 2021 жылға  қарай азық-түлік тауары экспортын 40 пайызға көбейту, сондай-ақ, жерді пайдалану тиімділігін арттыру, суармалы егіс алаңын 5 жыл ішінде 40 пайызға кеңейтіп, 2 миллион гектарға жеткізу айтылған.
Жер-асыраушымыз. Көптеген суармалы жерлеріміз  айналымға енбей, жабайы шөп басып жатқандығы баршамызға белгілі. Ендігі жерде, осы жерлерді  іске қосу арқылы  азық-түлік   өнімдерін молынан өндіруге, өнімнің өңдеу сапасын жақсартуға, тауарларды сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудің тиімді жүйесін құруға қол жеткізуге болады деп ойлаймын.
Үшінші жаңғыру-жетістік кілті. Елбасының назарынан  әлеумет, білім беру, денсаулық сақтау салалары да тыс қалмаған.Аталған салаларды одан ары қарай дамыту мақсатында Мемлекет басшысы Үкіметке нақты тапсырма берді. Жолдауда сонымен бірге, жаһандық бәсекеге сай, жаңа кадрларды даярлау,  кәсіпкерлікті өркендету, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету секілді маңызды міндеттерді жүзеге асыру тетіктері нақты көрсетілген.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, міндет белгіленіп, мақсат айқындалды.  Жолдаудағы көрсетілген басымдықтарды еселі еңбек пен бірлігіміздің арқасында жүзеге асыруға өз үлесімізді қоса берейік.


Дамуға бастар даңғыл

Сәбит Айтбайұлы,
Бәйтерек ауылдық  ардагерлер алқасының төрағасы.

Жақында Бәйтерек ауылдық округі ардагерлер кеңесінің алқа мүшелері Президенттің кезекті Жолдауындағы басым бағыттарын талқылады. 
Алқа мүшесі Қалыбай қажы Құдайбергенов тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің, соның ішінде, аудан халқының табыстарын әңгімеледі. Жолдаудағы аграрлық  саланы өркендету, денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы оң өзгерістер мен кәсіпкерлікті дамыту туралы ардагер Кеңесбай Бақтияров  өз ойымен бөлісті.
Алқалы жиында Елбасының билік тармақтарын қайта бөлу жөніндегі Үндеуі және биылғы Жолдауындағы ұсынған басымдықтар жөнінде Өмірбек Иманбеков,  Бектемір  Шамполовтар ойларымен бөлісіп, Жолдауды қолдайтындықтарын жеткізді. Шапай Таңатаров болса, Елбасы ұсынған басымдықтар жүзеге асқанда, ел халқының  өмір сапасы жақсарып,  экономика өркендейтіндігін,  кез келген игілікті істердің басында ардагерлер қауымы жүретіндігін айтты.

Обновлено 13.02.2017 10:57
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін39
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1228
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40229
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247615

Серіктестер