Онлайн газет



Басым бағыттар талқылануда

Мемлекет басшысының кезекті Жолдауындағы басым бағыттар мен  Елбасының  билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін талқылауға арналған жиын «Қызыл жұлдыз» бастауыш партия ұйымында өтті.
Мемлекеттік Әнұран орындалған соң жиынға хатшылық етушілер сайланды. «Қызыл жұлдыз» бастауыш партия ұйымының  төрайымы Толқын Шомаева “Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Елбасының Үндеуі мен Жолдаудың мәні мен маңызын түсіндірді.  Басты құжатта ұстаздар қауымына жүктелген міндеттерді байыптылықпен жан-жақты айтып берді.
Төрайымның  баяндамасынан соң «Жас Отан» жастар қанатының бастауыш ұйымдағы бөлімшесінің жетекшісі Д.Тұрсыналы, партия мүшелері Қ.Арықбаев, Ғ.Арынбаева  Жолдаудың басым бағыттарды іске асыруда жастарды игі істердің ұйытқысы болуға шақырды. Қызыл жұлдыз  ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Ә.Дүйсенбаев Жолдауда айтылған мақсаттар мен міндеттерді орындау арқылы озық отыз елдің қатарына қосылатындығымызға сенімді екендігін жеткізді.«Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Байтақова ел Президентінің  бұл Жолдауы Қазақстанның  бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашатындығын  айтып, нұротандықтарды  үлкен істердің  көшбасында болуға үндеді. ”Нұр Отан” партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің  мүшесі, ауыл әкімі Ө. Нұрбаев басты құжат жөнінде өзінің ойымен бөлісті.
Жиын барысында күн тәртібіне шығарылған мәселелер бойынша тиісті шешім қабылданып, аудандық  партия филиалының кезектен  тыс ХХ конференциясына делегаттар сайланды.
*                            *                           *
Осындай жиналыс «Байзақ»  бастауыш партия ұйымында да өтті. Онда ұйымның төрайымы Айгүл Есжанова  Елбасының Үндеуі мен Жолдауындағы басым бағыттардан туындайтын міндеттерді баяндады.
Баяндама бойынша жарыссөзге шыққан  жасотандық Г. Мамыраева  жастар алдында тұрған міндетті сөз етті. «Жадыра и К» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрайымы,”Нұр Отан” партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің  мүшесі Г.Дәулетбаева Жолдауда ауыл шаруашылығына үлкен мән берілгендігін тілге тиек етті. 18 шаруашылық бірігіп, «Жадыра и К» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құрып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өткізу, жерді және ауыл шаруашылық техникаларын бірлесе отырып пайдаланудың маңызын, сонымен қатар, Елбасының салиқалы саясатының  және агрофермерлерге көрсетіп отырған қолдауы туралы әңгімеледі. Ботамойнақ ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы К.Шартықбаев Жолдаудағы айтылған мақсаттар мен міндеттерді орындауға үлес қосу қажеттігін айта келе, соңғы уақытта көтеріліп кеткен жанар-жағар май бағасын реттеуге ықпал етуін сұранды. Жиналысқа қатысып отырған  партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Байтақова сөз алып, маңызды құжат пен конституциялық реформа туралы  ойын ортаға салды.
Күн тәртібіне шығарылған  мәселелер бойынша тиісті шешім қабылданып, кезектен  тыс ХХ  конференцияға 3 делегат сайланды.
*                  *               *
Елбасы Жолдауы елдің зор қолдауына ие болуда. Жолдау жүктеген міндеттер «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалының бастауыш партия ұйымдарында да қызу талқылануда.  «Мәдениет үйі» бастауыш партия ұйымының төрағасы Сәкен Сыздықов кезекті жиында құжатта қаралған басым бағыттарды әңгімеледі.
- «Ел болашағын айқындайтын жаңа Жолдау одан әрі дамуымызды нақтылап көрсетіп беріп, үшінші жаңғыруға бастауда. Халық қамы, жастардың жағдайы, кәсіпкерлікті қолдау, агроөндірісті дамыту тағы басқа тың бастамалар көтерілген  стратегиялық құжатты іс жүзіне асыруға біріге жұмыс жасау маңызды», - деді С.Сыздықов.
Бастауыш партия ұйымының бұл жиынында Конституциялық Заңға енгізілетін өзгерістерге байланысты ойлар ортаға салынып,  «Нұр Отан»  партиясы Байзақ аудандық филиалының кезектен тыс ХХ конференциясына делегаттар сайланды.
Бекітілген кестеге сәйкес осындай жиналыстар 35 бастауыш партия ұйымдарында өткізілді. Алқалы жиындарға   партия аудандық филиалы Саяси кеңес мүшелері және облыстық, аудандық мәслихаттағы депутаттық  фракция мүшелері  қатысты.

Г. Ермұратова.
Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін258
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада258
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39259
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246645

Серіктестер