Онлайн газет



Құпиялылық құқығы маңызды

Бұл мәселе «Отандастар» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған дөңгелек үстелде айтылды. Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат, білім, денсаулық сақтау басқармаларының мамандары, облыстық прокуратура, құқық қорғау саласының қызметкерлері және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысқан іс-шарада сөз сөйлеген «Отандастар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әдемі Ильиясова Орталық Азиядағы Евразия қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Құпиялылық құқығы» жобасының қорытындылары жайлы баяндады.
Яғни, жобаны орындау барысында тұрмыста зорлық-зомбылық көрген жандармен жұмыс жасайтын құқық қорғау саласының мамандарына құпиялылықты сақтау үшін арнайы бөлме  бөлу мәселесі көтеріліп, ол оң нәтижеге ие болған. Сонымен қатар, «Отандастар» қоғамдық бірлестігі қолға алған дәл осы жобаның арқасында облыс көлемінде 2016 жылдың мамыр айынан бастап «Көрші қадағалауы» сенім телефоны жұмыс жасап, құқықбұзушылықтардың алды алынған. Міне, осы және өзге де жемісті жұмыстарды егжей-тегжейлі сөз еткен Ә.Ильиясова барлық істе қолдау білдірген жандарға алғысын айтты.
Дөңгелек үстелде отырысында Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі зорлық-зомбылыққа қарсы әйелдерді қорғау жөніндегі бөлімше басшысы А.Жанисова нәзікжандылардың құқығын қорғау бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстарды, Байзақ аудандық орталық емханасының психологы С.Дүйсенова тұрмыста зорлық-зомбылық көрген әйелдердің ішкі жан-күйі, оларды қолдау, мұндай оқиғалардың басты себеп-салдары, алдын алу жайында әңгіме қозғады.
Ал, ҚР Бас  прокуратурасының  ҚСжАЕАжК  Жамбыл  облысы бойынша Басқарманың Тараз қаласы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау аға прокуроры А.Алимжанова болса, облыс бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдер мен балалар жөнінде мәліметтерді келтіре отырып, әрбір азамат біліп жүруі тиіс құқықтық заңдылықтарды, бұл жағдайда ғаламтордың мүмкіншіліктерін жан-жақты пайдалану туралы түсіндірді.
Сонымен қатысушылар тақырып төңірегінде өзара пікір алысып, ойларын ортаға салды.

А.Қайыпназарқызы,
Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін199
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада9597
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда39200
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246586

Серіктестер