Онлайн газет



Балалар дән риза

Үстіміздегі жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпаны  аралығында өткен республикалық «Қамқорлық» акциясы Үлгілі орта мектебінде әлеуметтік педагог Света Ибадуллаеваның ұйытқы болуымен ұйымдастырылды.
Алдымен  ата-аналар комитетінің төрағасы Ж.Бұғыбаевпен  бірге ұйымдастырылған рейд барысында мектеп оқушыларының отбасылық жағдайлары анықталып, қамқорлық көрсетілетін балалар тізімі есепке алынды.
Білім ошағында мәрт азаматтардың қатысуымен өткен акцияда мектеп директоры Ф.Шаухаров,  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Мельдебекова  сөз алып,  беріліп жатқан көмектің маңыздылығына тоқталды. «Мұқтаж жандарға, соның ішінде балаларға көмек беру - қасиетті іс» екенін айтып,  аталмыш акцияның ауданда үлкен қолдауға ие болғандығын, бүгінгі шарапаты мол шараның бала жанына қуаныш сыйлайтындығын да мәлімдеді.
Қамқорлық акциясында ауылдық әкімшілік тарапынан 3 балаға сый-сияпат  үлестірілді. Мектеп ұжымы аз қамсыздандырылған, көп балалы отбасының балаларына, атап айтқанда,  22 оқушыға қыстық пальто, жылы бас және аяқ киімдер, сөмке, оқу құралдары табысталды.
Шара соңында айрықша мәрттік көрсеткен Үлгілі орта мектебінің ұжымына ата-аналар мен балалар алғыстарын  білдірді.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін25
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1214
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40215
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247601

Серіктестер