Онлайн газет



Жолдау жүктеген міндеттер

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіру және насихаттау мақсатында облыстық ақпараттық топ мүшелері аудан белсенділерімен кездесті.
Жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.Сұлтанбеков ашып, келген қонақтармен таныстырды.
Алғашқы сөз топ жетекшісі, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Р.Тұрмағанбетоваға берілді. Рахия Сейтбекқызы алдымен еліміздің 25 жылдық белесіндегі табыстарын сөз ете келе, Елбасының ел алдына қойған негізгі міндеттерін, атап айтқанда, Қазақстанның үшінші жаңғыруының 5 негізгі басымдығына жеке-жеке тоқталып, олардың мазмұнын тарқатып айтты. Бұдан соң сөз алған Д.Сұлтанбеков  ел дамуына үлкен серпін беріп отырған Жолдаудағы басымдық берілген бағыттарды жүзеге асыру бағытында қолға алынған  тірліктерді баяндады.
Алқалы жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Бесбаев Жолдауда ауыл шаруашылығы саласына үлкен мән беріліп отырғандығын айтса, топ мүшесі, облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Ж.Кәрібаев  ауыл шаруашылығын өркендетудің маңызын сөз етті. Жолдауда экономикамыз әлемдік даму үрдісінен қалмай, тұрақты өркендеуі үшін цифрлы технологияны барлық салаларға кеңінен енгізуге назар аударылғандығын жеткізді.
Жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.Сұлтанбеков қорытындылап, келелі   кеңеске келіп, ой-пікірлерін білдірген қонақтарға алғысын айтып, көпшілікті Жолдау айқындаған міндеттерді  жүзеге асыруға шақырды.

Қазақстанның 40 жылдығы  мектебінде өткен жиынға қатысқан    ақпараттық топтың мүшесі, облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Жандар Кәрібаев пен қоғамдық кеңестің аграрлық саясат, ауылдық аумақтарды дамыту, табиғатты және жер ресурстарын пайдалану және техногендік үрдістер мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы Сембек Сейдәзимов  Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы «Адами капитал сапасын жақсарту» бағытының басты мақсаты, жастарды отансүйгіштікке, туған елін, жерін қастерлеу,  ана тілін, салт-дәстүрін құрметтеу қажеттігін айтып, маңызды құжаттың өзге де басымдықтары жөнінде айтып берді. Ел болашағы-жастарды жеке тұлға және маман ретінде қалыптастырудағы ұстаздардың рөлін,  білім мазмұнын жаңғырту, тіл, технологиялық даму мәселелеріне қатысты пікірін  білдірді.
Алқалы жиында аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ж.Құмғанбаев, Сарыкемер ауылдық округі тұрғындары атынан сөз алған ардагерлер Жолдаудың баянды бастамаларын қолдайтындығын жеткізді.


№3 Байзақ колледжінің білімгерлерімен кездескен  ақпараттық топтың мүшесі, облыстық қоғамдық кеңестің әлеуметтік-мәдени салалар және қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі комиссия төрайымы Гүлсын Орынбаева өз сөзінде  Елбасының Қазақстан дамуының жаңа бағыттарын белгілеп берген Жолдаудағы негізгі басымдықтарды атап өтіп, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан кәсіптік-техникалық білім берудің іске асып жатқандығын, ІТ- білімді,  қаржылық сауаттылықты қалыптастыру мен патриоттық тәрбиенің өзектілігін, бұдан бөлек өзге де бірқатар маңызды мәселелерді атап өтті.
Президенттің билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі Үндеуі және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының мән-маңызын түсіндіру үшін облыстық мобильдік топтың және қоғамдық кеңестің мүшелері  Қайрат Шотбақов пен Бақыт Сапарбаева  аудан дәрігерлерімен кездесті.
Қ.Шотбақов алдымен облыстық қоғамдық кеңестің атқарған жұмыстарынан қысқаша ақпарат беріп, Елбасы ұсынған билікті қайта бөлу идеясының маңыздылығын сөз етті. Топ мүшесі Б.Сапарбаева Жолдаудың басым бағыттарын жүзеге асыру арқылы әлемдік дағдарыстарды жеңетіндігімізді әрі дамыған 30 елдің ортасынан  орнымызды алатындығымыз турасында өзінің ойын ортаға салды.
Жиында денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері өз  ойларымен бөлісті.

Г.Ермұратова.
Өз тілшіміз.

Обновлено 08.02.2017 16:31
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін457
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада457
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39458
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246844

Серіктестер