Онлайн газет



Бірлік - басты байлық

Көпұлтты еліміздің басты күші-бірлікте. Байзақ аудандық қоғамдық келісім кеңесінің ауыл тұрғындарымен кездесу жиынында тәуелсіз еліміздің құндылықтарын нығайту жайы сөз болды.

Отырыста кеңестің хатшысы Асқар Прманов «Қазақстан халқы Ассамблеясы-татулық пен ынтымақтың  негізі» тақырыбында терең мағыналы баяндама  жасады.Баяндамашы  тәуелсіз елімізді мекен етіп отырған сан ұлт өкілдерінің бірлігі мен татулығын  нығайтуға сүбелі үлес қосып отырған  Қазақстан халқы Ассамблеясының, аудандық қоғамдық келісімнің атқарған жұмыстарына тоқталды. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Асқар Қадырқұлов медиацияның шығу тарихына, оның қоғамда алатын орнына, кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың тұрмыстық дауларды шешудегі рөлі туралы қысқаша  ақпарат берісімен,  аудандық әділет басқармасының  бас маманы Меруерт Орманалиева медиацияның артықшылықтарын әңгімеледі.


«Мәңгілік Ел» идеясының пайда болу себептері және оның қазақ халқын біріктірудегі рухани-мәдени күш қуаты» тақырыбында Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ж.Құмғанбаевтың баяндамасы мазмұндылығымен ерекшеленді. «Қазақстанның Ел бірлігі» Доктринасының басым қағидаттарын  аудандық «Ауыл жаңалығы»-«Сельская новь» газеті редакторының орынбасары Г.Ермұратова,  қоғамдық келісім және ұлтаралық ел бірлігінің тұтастығында дініміздің алатын орнын «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы А.Каримбаев тарқатып айтып берді. «Айтқұл-Ардагер»  қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айтқұл  Мамытқұлұлы Асан қайғы, Қазтуған, Досмамбет, Жиенбет, Ақтамберді жыраулармен қатар Шалкиіз ақынның ел бірлігін сақтау жөніндегі жырларынан үзінді келтірсе, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Махамбетов Елбасының 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші  жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басым бағыттарын іске  асыруда ел бірлігінің маңызына айрықша екпін салды.
Баяндамалар бойынша жарыссөзге шыққан Бәйтерек ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы С.Айтбаев медиатор ретінде тұрмыстық дауларды   шешудегі тәжірибесімен бөлісті. Медиатор Г.Көшекбаева судьялық медиацияның ерекшелігін білгісі келетіндігін және ел ынтымағын нығайту міндет екендігін баса айтты.
Жиында туындаған сауалдарға  тыңғылықты жауаптар берілді.

Г.Ермұратова.
Өз тілшіміз.

Обновлено 08.02.2017 16:28
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін334
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада334
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39335
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246721

Серіктестер