Онлайн газет



Өрт-қауіпті

Өткен 2016 жылы Байзак ауданы аумағында балалардың отпен ойнау салдарынан 11өрт оқиғасы тіркелген болатын. Өрттің шығу себептеріне көбіне балалар кінәлі болып жатады. Үш жастан бес жасқа дейінгі балалар өз ойындарында ересектерді, олардың іс-әрекеттерін, тұрмыс-тіршілігін қайталауға әуес болады. Бұл жастағы балалар барлық нәрсені тезірек білуге және өз қолымен жасауға асығады. Әсіресе, олар үйде жалғыз қалғанда сіріңкемен ойнап, қағаз жағып, бір кездері орманда жанғанын көрген алауды тұтатқысы келіп, әрекет қылуы мүмкін. Жағдайларға байланысты үлкендердің балаларды қараусыз жалғыз қалдыруға мәжбүр болатын кездері де болып жатады. Балаларды пәтерде немесе бөлмеде жауып кеткен жағдайда бұл өте қауіпті. Өрт болған жағдайда олар дер кезінде қауіпсіз жерге шыға алмайды.Балалардың отпен ойнауынан болатын өрттердің алдын алу үшін:
-балаларға өрт қауіпсіздігі туралы жиі айтыңыз;
-өрт қауіпсіздігі ережелеріне байланысты барлық жағдайда үлгі көрсетіңіз;
-сіріңкелерді балалардың қолы жететін жерлерге қоймаңыз;
-газ плиталарды, пешті жағуды, электр құрылғыларын қосуды балаларға тапсырмаңыз;
-балалардың от жақпауын қадағалаңыз;
-сәбилерді үйде ересектердің бақылауынсыз жалғыз қалдырмаңыз;
-балалардың бос уақытына көп көңіл бөліңіз.
Балаға өрт жағдайында дұрыс іс-қимыл жасауды үйретіңіз. Өрт немесе жану белгілерін байқаған кезде (түтіннің таралуы, ауа температурасының жоғарылауы, күйік иісі және т.б.) кез келген жастағы бала дер кезінде сыртқа шығуы қажет.
Өрт туралы үлкендерге немесе өртке қарсы қызметке «101» және «112» телефон нөмірлеріне дереу хабарлау керек.
Отпен ойнаудан шығатын өрттердің алдын алу арқылы үйімізді, дүние-мүлкімізді және ең қымбаты - бала өмірін сақтап қала аламыз.

И. Рысалдиев,
Байзақ  ауданы ТЖ бөлімінің инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін327
mod_vvisit_counterКеше1241
mod_vvisit_counterОсы аптада6572
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда14213
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2265882

Серіктестер