Онлайн газет



КАДРЛЫҚ ПАРТИЯ РЕЗЕРВІ БЕКІТІЛДІ

М.ШАЛҒЫНБАЙ,
«Ауыл жаңалығы».

Аптаның бейсенбісі күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюро мәжілісінің кезекті отырысы болып өтті.
Отырысты аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова ашып, жүргізіп отырды.

Аталмыш мәжілістің күн тәртібіне «Нұр Отан» партиясы аудандық  филиалының партиялық кадрлық резервін бекіту туралы мәселе қаралды.
Шолпан Қайратқызы «Нұр Отан» партиясының кадрлық резерві туралы Ереже Елбасы, партия Көшбасшысының бағытын ұстанатын, партия құндылықтарын қолдайтын және азаматтардың әл-ауқатын сапалы жақсартуды мақсат еткен кадрларды ілгерілетудің жүйелі де біртұтас тәртібін қалыптастыру мақсатында әзірленгенін айта отырып, партиялық кадрлық резерв кандидаттарын ұсыну бағыттары, кадрлық резервті қалыптастыру тәртібі мен оларды дамыту және де партиялық кадрлық резервтен шығаруға негіздеме жөнінде жан-жақты тоқталды.
Сондай-ақ, меритократия принциптерін нығайту есебінен партияның кадрлық саясатын дамыту, өкілді органдар мен партия органдарында кәсіби кадрларды дайындаудың бірізді жүйесін қамтамасыз ету және кадрларды іріктеудің ашық та айқын жүйесін енгізу есебінен партия имиджін арттыру партиялық кадрлық резервті қалыптастырудың басты міндеттері болып отырғанын жеткізді.
Күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты Саяси кеңестің Бюро мүшелері өз ұсыныстарын жеткізді.
Отырыс соңында Бюро мүшелері бірауыздан "Нұр Отан" партиясы Төрағасы бірінші орынбасарының 2016 жылғы 26 шілдедегі №101 нқ бұйрығымен бекітілген "Аймақтық партиялық кадрлық резервті қалыптастыру Нұсқаулығы" 1-тарауының 2-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, құрамы он адамнан тұратын партиялық кадрлық резерв мүшелерін бекітіп, аталмыш резервпен жоспарлы түрде жұмыс жүргізуді аудандық партия филиалы аппаратына жүктеу туралы қаулы қабылдады.

Обновлено 27.12.2016 09:51
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін301
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада2462
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда19092
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2270761

Серіктестер