Онлайн газет



ЭНЕРГЕТИКА - ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ САЛАСЫ

М.МАНЕКЕЕВ,
“Ауыл жаңалығы”.

Желтоқсан айының үшінші жексенбісі — энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл атаулы күн Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылғы қаңтардың 20-дағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби мерекелер және атаулы күндер туралы» Жарлығына сәйкес, жыл сайын желтоқсанның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. «Энергетик күні» - бұл энергетикалық жүйелерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысы бар барлық мамандардың мерекесі. Бұл күн сондай-ақ, энергетика саласындағы жауапты орындарда бүгін де қалтқысыз қызметке жұмылған жандар мейрамы. Қорыта айтқанда, «Энергетик күні» - «жарық» пен «жылу» түсінігі жай ғана сөздер емес, олардың ғұмырының айтулы дәуіріне айналған барша білікті мамандар мерекесі.
Энергетика мамандары халық пен кәсіпорындарды жылумен, электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету және оның сапасын арттыру үшін аянбай еңбек етеді. Уақытпен санаспайды. Осының нәтижесінде аудан экономикасы үдемелі даму үстінде.
Әр үйдегі жарық пен жылу, техника жұмысы, ХХІ ғасырдағы адамзаттың өмір сүру мүмкіндігі осы сала мамандарының жұмысына тікелей тәуелді. Сондықтан, айтулы мерекелік шара Байзақ аудандық электр жүйелерін тарату мекемесінде аталып өтті.
Салтанатты шарада мекеме басшысы Рабат Сәрсенов, бас инженер Алтынбек Жәмішжанов, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Нұрхан Сағынбековтер сөз сөйлеп, сала қызметкерлеріне деген ізгі тілектерін арнады. Кәсіби мереке қарсаңында үздіктердің үздігі – энергетика саласы мамандары мен еңбек сіңірген қызметкерлері, саланың бастау алған сәтінде тынымсыз еңбектерімен оның дамуын арттырғандарға ерекше құрмет көрсетілді.
Атап айтқанда, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, осы салада 25 жыл еңбек еткен Жаңбырбай Байзулов “Еңбек ардагері” атанса, ерен еңбегі үшін электр слесары Еркінбек Айтжанов облыстық Құрмет тақтасына ілінді. Сондай-ақ облыстық атқарушы директорлар кеңесінің шешімімен қосалқы станция шебері Сайлау Қарсақов, әуе желісінің жұмысшысы Серік Әбжаппаров, касса қызметкері Злиха Қаспақова, шапшаң қимылдайтын топ монтері Асхат Әкімбаев, бақылаушы Мақсат Тлеуов, электр слесары Мерей Нұрниязов, көлік жүргізуші Ергеш Хасановтар түрлі марапаттар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін859
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада3020
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда19650
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2271319

Серіктестер