Онлайн газет



Әйелдер беделін көтеру-маңызды

Сәрсенбі, 21 желтоқсан күні  аудандық орталық кітапханада аудан әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйытқы болуымен  “Әйелдер және тәуелсіздік“  атты дөңгелек үстел өтіп, оны аталмыш комиссияның хатшысы С. Иманова ашып, жүргізіп отырды.

Салтанат Бәйтеліқызы алдымен ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шараның маңызына тоқталды. Ел табыстарында Елбасының  еңбегін айрықша  атап өтіп, тәуелсіздік жылдарындағы қиыншылықтарды ерлермен  бірдей  көтерген әйелдердің   еңбегін сөз етті. Гендерлік теңдікке қол жеткізуге, әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, отбасын нығайту, ата-ана тәрбиесінің рөлін арттыру, ана мен баланы қорғау, әйелдердің саяси деңгейін арттыру істеріне үлес қосуда 2009 жылдан бері  жұмыс жасап жатқан аудан әкімі жанындағы іскер әйелдер қауымдастығының атқарған ауқымды тірліктеріне, оның мүшелеріне жан-жақты тоқталды.
Одан соң дөңгелек үстелге қатысушылар назарына  аудан әкімдігінің жанынан құрылған әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның және аудандық  іскер әйелдер қауымдастығының атқарған жұмыстары слайд арқылы ұсынылды.
Алқалы жиынның басты мақсаты-іскер әйелдердің бастамасымен 18 ауылдық округте жұмыс жасайтын қыз-келіншектерді іріктеп, олардың жұмысын жандандыра отырып, қайырымдылық шараларын іске асыруда  бірігіп жұмыс жасауды жүйеге келтіру болатын.


Келесі кезекте сөз алған Байзақ ауданының Құрметті азаматы Несіпкүл Байжанова  өткен ғасырдың сексенінші жылдарының соңында шаруа қожалығын ашып, оны  жүргізу барысында кездескен қиындықтарды  ерінбей еңбек етудің арқасында жеңгендігін айтты. Аудандық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Тазагүл Кадимова болса жыл өткен сайын әйелдердің отбасындағы беделі мен қоғамдағы алар орнының жоғары дәрежеге көтерілгенін, әйелдер көшбасшылығын жетілдіру, мәртебесін арттыру және қолдау көрсету мақсатында 2009 жылы жұмысын бастаған іскер әйелдер қауымдастығының жұмысы облыста оң баға алғандығын,  облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Г.Нұрымованың іскерлігін алдыға тартты. Ілкімділігі мен қабілет қарымы ұштасқан, көшбасшылыққа араласып жүрген әйелдердің тең жартысы  кәсіпкерлік, денсаулық сақтау, мәдениет және білім беру салаларында жұмыс жасайтындығын, олар-отбасында  аяулы  әйел ғана емес, қоғамның қозғаушы күші саналатындығын, әйелдердің қоғамдағы ролін арттырып, бастамаларын қолдаған ел Президентінің  өлшеусіз еңбегін атап өтті.
Тазагүл Кәдімқызы сонымен қатар өңірдің қоғамдық өміріне белсене араласып,  үлестерін қосып жүрген әйелдер қауымы  аз емес екендігін, нәзік жандылардың мұрындық болуымен  тындырылған тірліктерді көрсете білу, олардың беделін көтеру, қоғамдық жұмыстарға көптеп тарту қажеттігіне екпін салды.
Жиында аудандық ішкі істер бөлімі Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Т. Нұрғалиқызы зорлық-зомбылыққа тап болған нәзікжандыларға көрсетілетін көмек  жайын,  ал орталық аурухананың “Жастар денсаулығы” орталығының жетекшісі  С. Бөлтірікова  әйелдер беделін көтеру бағытындағы ойларымен бөлісті.
Дөңгелек үстелге қатысқан Үлгілі ауылдық округінен келген Г. Молдакаликова, Бурыл ауылдық округінен К. Баймаханбетова, Кеңес ауылынан М. Естаева, Мәдімар ауылынан Ғ. Елтаева, қызылжұлдыздық Ж. Стамқұлова,  Қостөбе ауылдық округінен Ш. Джуанышева,  Сазтерек ауылдық округінен кітапхана меңгерушісі А. Абдрасиловалар  округте еңбегімен дараланған, алайда елеусіз қалған, тұрмысы төмен, көмекті қажет ететін отбасыларға жәрдем беруде  іскер әйелдер қауымдастығының атқарған  тірліктеріне ризашылықтарын білдіріп, осындай игілікті істің басы-қасында жүруге ниетті екендіктерін білдірді.
Мағыналы басқосу соңында  әртүрлі ұсыныстар  айтылды,  алдағы уақытта  атқарылатын жұмыстар пысықталды.

ӨЗ тілшіміз.

Обновлено 27.12.2016 09:48
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін141
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада4830
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда21460
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2273129

Серіктестер