Онлайн газет



“Тәуелсіздік жылдарында Байзақ аудандық архивінің жеткен жетістіктері”

атты тақырыпта Өткен аптада ұйымдастырылған дөңгелек үстелге  Байзақ ауданының Құрметті азаматтары Несіпкүл Байжанова, Тазагүл Кадимова және  Минаш  Баянова  қатысты.

Шараны аудандық архивтің директоры   Мәрзия Еркебұланова ашып, архивтің тарихына шолу жасады.
-Әр күн-тарих, бүгінгі күн-ертең тарихқа айналды.Мұрағат немесе архив дегеніміз-тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын мемлекеттік мекеме. Байзақ ауданының  мемлекеттік архиві аудан әкімінің 1999 жылғы 10 ақпанындағы №66 шешімімен «Байзақ аудандық архиві» болып 2 штат бірлігімен өз жұмысын бастаған болатын. 2000 жылы 3 қор 895 сақтау бірлігі болса, қазіргі таңда 149 қордан тұратын ауданның  мекемелерінің 23987 сақтау бірлік құжаттары сақталуда.
Басты мақсат-құжаттарды іздеу,  сақтау, жан-жақты пайдалану, материалдық-техникалық базасын жетілдіру және жақсарту болып табылады.  Аудандық архивте «Ұлы Отан соғысының ардагері», «Байзақ ауданның Құрметті азаматтары» құжаттарының топтамасы қорлар ашылып, жыл сайын толықтырылуда,-дей келе Мәрзия Құлтайқызы,  келген қонақтарға  сөз берді.
Алғашқы сөзді алған Байзақ ауданының Құрметті азаматы, “Байжанова” шаруа қожалығының  жетекшісі Несіпкүл Байжанова өзі басшылық ететін қожалықтың жеткен жетістіктеріне тоқталды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің  оңай еместігін, өткен жылы қомақты қаражатқа  техника сатып алып, тамшылатып суару әдісімен жұмыс жасап  жатқандығын, құрмет пен даңқ тек  маңдай термен келетіндігін айтты. Аудандық  іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Тазагүл Кадимова болса  өмірін білім саласына арнағандығын мақтаныш ететіндігін,  тоқсаныншы жылдардың басындағы қиындықтарды аудан халқы да бастан өткергенін, сол жылдары Сарыкемерде орналасқан №1, 2,3 балалар бақшалары  жабылып қалғандығын, өзі басшылық еткен “Балдырған” мектеп  бақшаның  жұмысын жоғары деңгейге көтерудің оңай болмағандығын, ең бастысы-кішкентай бүлдіршіндердің жүрегіне жол табу екінің бірінің қолынан келмейтіндігін әңгіме етті.
1999 жылы алғаш рет ашылған аудандық архивке 14 жылдай басшылық етіп,  зейнетке шыққан  Минаш Жұманқызы өз  сөзінде архивтің жұмысын жүргізу мен құжаттарды іздеп, сақтау барысындағы қиыншылықтарды ұжымның бірлігінің арқасында жеңгендігін  айтып, өздерін құрметтеп шақырған ұжымға алғыстарын білдірді.
Дөңгелек үстел соңында Мәрзия Құлтайқызы  ауданның ардақты аруларына  өңірдің дамуына  қосқан үлестерін  кейінгі  ұрпақ біліп жүруі үшін табыстарын дәлелдейтін құжаттарын архивке өткізу қажеттігін  жеткізді.
Аудандық мұрағаттың жұмысымен жан-жақты танысқан соң қонақтар естелікке суретке түсті.

ӨЗ тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1592
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада3753
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда20383
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2272052

Серіктестер