Онлайн газет



Қазақстан – ортақ Отанымыз

А.Ильясова,
«Отандастар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

140-тан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті тұрмыс кешкен Қазақстан қазіргі таңда қай жағынан алып қарасаң да қарқынды дамуда. Білім, спорт, денсаулық, мәдениет салаларындағы ілгерілеушіліктерді айтпағанда, қалаларда, ауыл-аймақтарда айтарлықтай өзгерістер байқалады. Мысалы, өзіміздің Байзақ ауданын алайық, өңірімізде ауылшаруашылығы, оның ішінде егіншілік, мал бағу ісі күн санап өркендеуде. Кәсіпкерлікке де кең өріс ашылған. Ауылдарда балабақшалар, білім ошақтары салынып, балалар қуанышқа кенелуде.
Мен жетекшілік етіп отырған «Отандастар» қоғамдық бірлестігі 2001 жылы құрылды. Аты айтып тұрғандай бастапқыда ортақ – Отанымыз Қазақстанға оралған қандастарымыздың мәселелеріне мән беріп, олардың шешім табуына ықпал жасадық.
Қай қоғамда болмасын ана мен бала, оның денсаулығы, заңды құқығы басты орында тұрады. Сол секілді Қазақстан Республикасында да Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында әйел мен сәбиге айрықша көңіл бөлінген. «Отандастар» қоғамдық бірлестігі осы мақсатта 2014 жылдан бері гендерлік саясатты іске асыру мен  зорлық-зомбылықтың алдын алу  мәселесін алға тартып, «Әйел және зорлық-зомбылық» тақырыбында аудан халқымен зерттеу жұмыстарын жүргіздік.  Мектептерде дөңгелек үстелдер, семинар-кеңестер өткіздік. Оған аудандағы білім, құқық қорғау, денсаулық сақтау салаларының мамандары қатыстырылды.
Ал, 2015 жылы Орталық Азиядағы Евразия қорының қолдауымен «Біз және тұрмыстық зорлық-зомбылық» жобасын жүзеге асырып, жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Яғни, әйелдерге қатысты тұрмыстағы түрлі зорлық-зомбылықтарды қарастыра келе, олардың қоғамнан оқшауланбай, өз ойларын еркін жеткізуіне, құқықтарының қорғалуына атсалысып, аудандық ішкі істер бөлімінде арнайы бөлме ашылып, маман жұмыс жасаса деген ұсынысымызды жеткіздік.
Болашақта ол ойымыз орындалады деген үміттеміз. Әйтседе бүгінде ішкі істер бөлімінде тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген нәзікжандылардың мұң-мұқтажын тыңдайтын арнайы маман жұмыс істеуде.
«Отандастардың» басты міндеті - Қазақстанға жан-жақтан қоныс тепкен ағайындардың, соның ішінде әйел, баланың құқығын қорғау екенін жоғарыда айтып өттім. Бүгінде бұл жолда түрлі іс-шараларға қатысып жүрген бірлестік мүшелерімен жуырда  тәжірибе алмасу мақсатында Талдықорған қаласына жұмыс сапарымен барып қайттық. Алған әсерлеріміз де мол.
Сол секілді Алматы, Астана, Павлодар, Шымкент қалаларында түрлі тақырыптардағы оқуларда, дәрістерде  білімдерін жетілдірген «Отандастар» қоғамдық бірлестігінің ұжымы көңілге түйгендерін, естіп-білгендерін кәдеге жаратуда.
Жалпы, үкіметтік емес ұйым болсын, қоғамдық бірлестік болсын, баршамыз бір мақсатта еңбек етудеміз. Ол көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтпақшы «Мәңгілік Елге» бастау жолы. Оған біз де «Отандастар» қоғамдық бірлестігі еш аянып қалмай, қолдан келгенше өз үлесімізді қосып келеміз.
Алға қойған жоспар ауқымды. Бір айтарым,елімізді мекен еткен бүкіл ұлт болып бір арнаға тоғыссақ біз алмайтын асу қалмайды.
Ең бастысы ортақ Отанымыз – Қазақстанның көркейіп, гүлденуі жолындағы жұмыстарымыз жемісті болғай!

Обновлено 27.12.2016 09:45
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін212
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада4901
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда21531
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2273200

Серіктестер