Онлайн газет



«Біз – Тәуелсіз елдің ұрпағымыз!»

Еліміздің айтулы мейрамы Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне арналған  «Біз – Тәуелсіз елдің ұрпағымыз!» атты семинар-практикум Қосақ негізгі мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жақсыгулованың ұйытқы болуымен өтті.
Шарада мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар алдында информатика пәнінің мұғалімі Н. Якияев «Қазақ елінің ұлттық идеясы -”Мәңгілік Ел” тақырыбында, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Абылова «Тәуелсіздік – мәңгілік ел бастауы» атты  тақырыпта баяндама жасап, қазақ елінің алған биіктеріне, Елбасының  еңбектеріне тоқталды. Кітапханашы Г. Базилова «Тәуелсіздік-ел тірегі» атты арнайы кітап көрмесін ұйымдастырды. Сонымен қатар Ж.Ілесқұлқызы  «Біз-Тәуелсіз елдің ұрпағымыз!», К.Омарова «Мемлекеттік рәміздер-патриоттық тәрбиенің бастауы», А.Жолдасбекова «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» атты ашық тәрбие сағаттарын өткізіп, оқушыларға  егемендік алған жылдардағы ел табыстары туралы кеңінен түсінік берді.”Мәңгілік Ел “идеясының  жеті құндылықтарын жан -жақты сөз етті, оқушылар ойларымен бөлісті.
Мектеп тәлімгері Ж.Майлиева «Тәуелсіздік таңы» атты ертеңгілік өткерді. Шараның әнмен, күймен әрленуіне  музыка пәнінің мұғалімі Л.Оразбеков үлес қосса, өнерлі  оқушылар патриоттық әндерден шашу шашты.

 

ЖАСҰЛАНДАР ЖАРАДЫ

Жуырда «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы, «Жаңа шабыт» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, әлеуметтік акция аясында «Дені сау ұрпақ-ел болашағы» атты облыстық волейболдан спорттық жарыс өткізілді.
Жарысқа ауданымыздың «Жас Ұлан» ұйымының үйлестірушісі Гүлдана Сейтімбетова, Қосақ негізгі мектебінің тәлімгері Жанар Майлиева,  Ш.Уәлиханов орта мектебінің жасұландықтарымен бірігіп, бір команда құрамында жарысқа түсті. Облыс аумағындағы жеті бірдей аудан командалары қатысқан жарыстан Байзақ ауданы жүлделі үшінші орынды иеленді.

Өз тілшіміз.

 

 

ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН ҚҰРДАС БІЛІМ ОШАҒЫ

С.Тынаев,
мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, “Көкөзек” бастауыш партия ұйымының төрағасы.

Суханбаев ауылдық округіндегі Т.Ақбозов атындағы орта мектебі 1991 жылы ашылған. Тәуелсіздікпен түйдей құрдас білім ошағы жақында ширек ғасырлық мерейтойын атап өтті. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назира Жақсығұлованың  ұйымдастыруымен «Тәуелсіздікпен құрдас-алтын ұя мектебім» тақырыбында өткен салтанатты жиынға ауылдық округ әкімшілігі мен ақсақалдар алқасы, зейнеткер ұстаздар және мектеп әкімшілігі қатысты. Оларға іс-шараның бағдарламасы және «Өзін-өзі басқару» ұйымының шығарған «Мектеп тынысы» газеті таратылды. Іс-шара барысында ауылдық округ әкімі М.Өзбеков, Суханбаев ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Момбаев, мектеп директоры М.Бақтыбаева, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Көпбосынова және педагог-ұйымдастырушы А.Дауылбаевалар ретімен сөз алып, ел Тәуелсіздігі мерейтойымен және білім ошағының 25 жылдығымен құттықтады.
Салтанатты жиында алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Б.Садықов «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және ұлт құндылықтары» тақырыбында баяндама жасады. Мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. «Жас домбырашылар» үйірмесінің мүшелері қазақтың күйлерін орындап, қонақтардың ризашылығына бөленді. Бұдан кейін, 9-сынып жетекшісі Қ.Оразбеков «Тағылымы мол мектебім» және 4-сынып жетекшісі А.Өзбекова «Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Салтанатты жиын соңында «25 игі тілек» тақырыбында тренинг өтті. Тренинг барысында қонақтар мектеп ұжымына алғыстарын білдіріп, ізгі тілектерін жазды.

 

 

“Тәуелсіздік-арманым, сыйымды саған арнадым”

Ж.Мамасериков,
Сарыбарақ негізгі мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Осындай тақырыппен Темірбек ауылдық округіндегі Сарыбарақ негізгі мектебінде салтанатты жиын өткізілді. Тәу етер тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылып ұйымдастырылған мерекелік шараға ауыл имамы Жомарт Тастанов, ардагер ата-апалар Жамбыл Мырзахметов, Сейсекүл Тілегенова, Несіпкүл Инкарбекова және елдімекеннің белсенді тұлғасы Азамат Тойбаев арнайы шақырылды. Құрметті қонақтар мектеп ұжымын азаттықтың ақ таңы атқан күн, 16 желтоқсан -  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, егемендік елімізге оңайлықпен келмегенін, ата-бабалар ерлігі туралы әңгімеледі. Жастарды жақсы оқуға шақырып, ел дамуына еңбекпен үлес қосуға үндеді. Өзінің жүрекжарды лебізін Сарыбарақ негізгі мектебінің директоры Мейрамбек Мамасериков те жеткізді. Елдегі елеулі істерді ауызға алған мектеп басшысы, оның барлығы тәуелсіздіктің арқасы екендігін тілге тиек етті. Тәуелсіздікті тұғырлы етудегі Елбасының ерен еңбегін атап өтті.
Шара аясында мектептегі “Жас Ұлан” ұйымына мүшелер қабылданса, салтанатты жиын мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасына ұласты. Оқушылар С.Аманов “Қазағым”, А.Мейірхан “Ризамын”, М.Садықұл “Жаным қазақ”, ұстаз Л.Смадияров “Ән қазына” әндерін шырқап, іс-шараның шырайын келтірді. Ал, өнерге, өлеңге жақын жан А.Тойбаев “Елім менің” әнін орындап, көптің көңілін көтерді.  Жиналғандар әсіресе мектеп мұғалімдері қосыла шырқаған “Атамекен” әнін тыңдап, бір марқайып қалды.

 

 

ТҰҒЫРЫ БИІК ҚАЗАҚСТАН

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аудан аумағында кеңінен аталғаны белгілі. Осындай мерекелік шаралардың бірі "Тұғыры биік Қазақстан" атты тақырыппен Ақжар ауылында да болып өтті.
Аталған шара барысында мерекелік кеш қатысушыларын С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің директоры Бақыт Тұлымшақова құттықтап: «Тәуелсіздік - бұл еліміздің баға жетпес құндылығы, соның арқасында Қазақстан барлық бағыттар бойынша айтулы жетістіктерге қол жеткізді. Бұл мереке - еліміздің тарихымен, дәстүрлерімен және болашағымен үндесіп жатқан ерекше күн. Тәуелсіздігіміз нығая берсін, - деп атап көрсетті.
Мерекелік кеште ел Тәуелсіздігіне арналған концерттік бағдарламада Желтоқсан оқиғасына байланысты көрініс қойылып, арты күмбірлеген ән-күйге ұласты.
Сондай-ақ ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, мектеп ұжымы мен оқушыларының қатысуымен "Қазақстан-мәңгілік ел" атты мерекелік шеру ұйымдастырылды. Шерушілер ауылдағы С.Сейфуллин мен Абай атындағы көшелерді аралап, ауыл тұрғындарына деген жүрекжарды лебіздерін арнап, Тәуелсіздік тойын дәріптеді.

Өз тілшіміз.

 

Бүлдіршіндер тәуелсіздікті жырлайды

Б. Макубаева,
“Айгөлек” балалар бақшасының әдіскері.

Өткен аптада  тәрбиешілер З.Жаманбалаева мен Л.Сқақованың  ұйымдастыруымен “Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік” атты тақырыпта Сазтерек ауылдық округіне қарасты “Айгөлек” балалар бақшасында  ертеңгілік өтті. Алдымен жиналғандар тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай  педагогтар  дайындаған “Ұлттық мұра айшықтары” атты көрмені тамашалады. Одан кейін бақша меңгерушісі И.Абдикулова  сөз алып,  тәуелсіздік жылдары еліміздің табыстарына тоқталды.  Еліміздің бір бөлшегі саналатын Байзақ өңірінің, соның ішінде Сазтерек ауылдық округіндегі  қолға алынған  жетістіктерді сөз ете отырып, азаттықтың маңызын  айтып,  мерейлі мерекемен құттықтады. Сазтерек  ауылдық кітапхананың меңгерушісі А.Абдрасилова болса  ата-бабалар армандаған еркіндіктің қадірін  біліп өскен ұрпақтың алатын асуы биік болатындығын, ол үшін жақсы оқып, тәртіпті азамат болып өсуіне тілектестігін білдірді.
Тәуелсіздік-ең басты құндылық. 25 жылда қазақ елі әлемге танылды. “Қарлығаш” тобының бүлдіршіндері  Айкен, Айдын, Мейірлан, Алинұр, Кәусар,  Төлжан, Әлімбек, Балауса, Нұрайым, Ерасыл еркіндік, достық, Желтоқсан қаһармандарының ерлік істері, Елбасы, Астана, “Мәңгілік Ел” идеясының құндылықтары туралы тақпақтарды жатқа оқыды.
Бақшаға  Алтын адам (тәрбиеші А.Жақсыбаева)  қонаққа келіп,   еліміздің табыстарына шолу жасап, өрендердің өнерін  тамашалады. “Ботақан” тобы “Қуыршақтар биін,“Қарлығаш” тобының балапандары домбыра,  халықтар достығы  биін биледі.    А.Жанысбаева “Туған жер” ,  Т.Көпболсын “Солдат болам мен ертең”,  К.Кәусар  “Туған жер-алтын бесігім” әндерін әуелете шырқады.
Ертеңгілік барысында  Алтын адам бүлдіршіндерге  еліміз, Президентіміз туралы сауалдар қойып, алған білімдеріне риза болып, Қазақстанның Тәуелсіздік алуымен қол жеткізген табыстарының алдағы кезеңде де жалғасуына тілекші екенін жеткізді. Мұнан кейін бүлдіршіндер “Қазақстан картасын” және “Көк туды” құрастыру секілді  ойындарды ойнап, шараны “Елім менің” әнімен түйіндеді.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1378
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада3539
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда20169
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2271838

Серіктестер