Онлайн газет



«Тәуелсіздік толғауы» көптің қолдауына ие

Рәш Шәметұлы,
Байзақ ауданының Құрметті азаматы.

Тарих тағылымға толы. Айталық, кешегі өмірімізді саралайтын болсақ халқымыз талайғы тар жол, тайғақ кешулерді басынан өткерді. Отан үшін, жер үшін қасық қаны тамғанша күрескен ерлеріміздің ерлігі-елімізге егемендікті алып келді.
16 желтоқсан күні қазақтың азаттығына 25 жыл толды. Ұлы мерекені бүкіл ел ұлықтады. Қасиетті жұмамен тұспа тұс келген торқалы тойдың алдында Астананың төрінде Тәуелсіздік күніне орай дәстүрлі салтанатты жиын өткені белгілі. Онда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қалың елді қасиетті мерекемен құттықтап, «Бұл күн өз тағдырымызға өзіміз қожалық етіп, өз болашағымызды өзіміз айқындауға қолымыз жеткен ұлы күн» екенін еске салды. Еліміздің егемендік алған күнінен бастап осы уақытқа дейін қол жеткізген жетістіктерді саралап, болашақ жоспарларымен бөліскен Мемлекет басшысы сонымен қатар, қазіргідей аумалы-төкпелі кезеңнің оңай болмасын да меңзеді. Ел болып еңбек ету керектігін алға тартты.
Иә, Президентіміздің бұл күнгі «Тәуелсіздік толғауын» зиялы қауым өкілдері, жалпы қоғам ыстық ықыласпен қабылдады. Әсіресе Мемлекет басшысының өткен қиын-қыстау кезеңдердегі сәттерді еске алып, социалистік идеологиядан арылу керектігін, біртұтас мемлекет, тәуелсіз, егемен ел қалыптастырудағы атқарылған еңбектер туралы айтқаны үлкен-кішіге айрықша ой салып, жастар арасында патриоттық сезімді оятты.
Егемендіктің тарихын білу, өз елінің өткеніне үңілу-ол әрбір қазақстандықтың басты міндеті дейтін болсақ, кейінгі жас буынның санасына ата тарихқа деген құрметті қалыптастыру  жайында Көшбасшымыздың  айтқан әрбір сөзі көңілімізден шықты.
“Тәуелсіздік - сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі. Тәуелсіздік кешегі батыр бабалар өсиет еткеніндей, Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі” деп атап өткен Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекет дамуына үлесін қосқан барлық отандастарға ыстық ықыласын білдірді.
Қазақстан Республикасы Президентінің: - Тұғыры мығым, мәртебесі биік тәуелсіз Қазақстанды біз бәріміз бірге жасадық. Бүкіл қазақстандықтар болып, әрине, оның ішінде сіздер де барсыздар. Мен бүгінгі мерейлі сәтте ел дамуына үлесін қосқан әр отандасыма айрықша ықыласымды білдіремін. Киелі осы ұлы мемлекет құруда, елді біріктіруге жасаған жұмыс шаруамызда Алатаудың баурайындағы азаттықтың алтын бесігі Алматы бар. Жағасын қарт Каспий толқындары сүйген мұнайлы өлке атыраулық және маңғыстаулық ағайын. Кеншілер мекені қарағандылықтар, байтақ даланың қос жұлдызы сұлу Көкше мен Баянауыл өңірлерінің және шұрайлы Шымкенттің тұрғындары толассыз тер төкті. Жер жәннаты жетісулықтар мен Ақ Жайық ару мекен батысқазақстандық бауырлар, асты мен үсті байлыққа толы кенді Алтай өңірі, талай тарихтың куәсі Жамбыл тұрғындары ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Сіздердің әрқайсыларыңыз еңбектеріңіз тәуелсіздіктің тұғырын нығайту жолында маған ересен күш, қуат берді, - деген сөздері баршаны егемендікті еңселі ету жолында одан әрі еселі еңбек етуге жігерлендіре түсті.
Елін ойлаған Елбасы жиында жаңа жылдан бастап зейнетақы көлемі 20 пайызға, алдағы шілде айынан бастап бала туылғанда берілетін біржолғы жәрдемақы көлемі 20 пайызға артатындығын да айтып өтті.  Осылайша елдік мәселелер көтерілген «Тәуелсіздік толғауы» халықтың қолдауына ие болуда.

Обновлено 22.12.2016 10:47
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін278
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада2439
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда19069
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2270738

Серіктестер