Онлайн газет



Ауыл тынысы

Cарыкемер ауылдық округі

“Байзақ баба” мешітіне аудандық ішкі істер  бөлімінің бастығы, полиция полковнигі А.Абдезов келіп, имамдармен жүздесті. 
Жылы жүздесу барысында Ахатхан Төреханұлы жат ағымдардан сақтану, әсіресе жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру жөнінде айтып, ислам дінінің құндылықтарын насихаттаудағы имамдардың рөліне тоқталды.
Кездесу ашық-пікір алмасу түрінде өтті. “Байзақ баба” мешітінің бас имамы Р.Азизов ауылдық мешіттердегі имамдардың атқарған жұмыстарын тілге тиек етсе, кездесуге келген молдалар көкейлерінде жүрген сауалдарын  аудандық ішкі істер  бөлімінің бастығына ашық айтып, жауаптар алды.

Жаңатұрмыс ауылдық округі


Королевка орта мектебінде “Дін мен дәстүрді құрметтейік” тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге арнайы келген “Байзақ баба” мешітінің имамы Рамиз Азизов және  Көкбастау ауылындағы “Қалмұрат баба” мешітінің имамы Бақытбек Сағымбаев тәрбие тал бесіктен басталатындығын, өсіп келе жатқан ұл-қыздарға ата-аналар, ұстаздар тәлімді тәрбие беруі керектігін, ата-бабамыз сан ғасырдан бері арман еткен тәуелсіздікті тұғырлы ету жөнінде әңгіме қозғады.
Оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Суханбаев ауылдық округі


Суханбаев ауылдық клубында “Діни экстремистердің көздеген мақсаты не?”  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Ауылдық клубтың меңгерушісі А.Мадибаев жүргізіп отырған іс-шараға аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің  басшысы М.Махамбетов, ауылдық округ әкімі М.Өзбеков, ауылдағы ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Момбаев, имамдар Ж.Мадибаев пен Б.Искендров қатысып, тақырып төңірегіндегі ойларымен бөлісті.

Көктал ауылдық округі

Көктал орта мектебінің 9 “в” сыныбының ұстазы  С.Аликулованың  мұрындық болуымен “Тәуелсіз Қазақстандағы ұлтаралық татулық” тақырыбында ашық сабақ өткерілді.
Ашық сабақ барысында Тәуелсіздікке қол жеткізу жолында халқымыздың басынан өткен қиындықтар, егемендік алған еліміздегі көптеген жетістіктер, Қазақстандағы ұлтаралық татулық, Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы, қазақ жерінде мекен еткен 40-тан астам конфессия, 140 этнос өкілдерінің тату-тәтті тірлігі және 25 жылдағы жаңашылдықтар, оның ішінде білім саласындағы жаңартулар кеңінен айтылды. 
Өз кезегінде Көктал орта мектебінің оқушылары,  өзге ұлттың ұл-қыздары Нам Лиана, Сибелжан Бешлиева, Наталья Несмеянова, Алмаз Алибаевтар көпұлтты, көркейген, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқандарын мақтанышпен ауызға алып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясаты, ұлттар достығын нығайтуда жасап жатқан жұмыстары, жас ұрпаққа қамқорлығы, елімізде тұрмыс кешкен сан ұлтқа деген құрметі жайындағы ойларын орта салды. 
Ашық сабақ Е.Хасанғалиевтің “Атамекен” әнімен қорытындыланды.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін546
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада2707
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда19337
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2271006

Серіктестер