Онлайн газет



Құрмет көрсетілді

Қай халық үшін де тәуелсіздік – қасиетті ұғым. Халқымыз талай аумалы-төкпелі замандарды бастан кешіп, небір қиындықтарды жеңе білді.
Егемендік-ғасырларға созылған күрестің жемісі. Ата-бабаларымыз тек жоңғар шапқыншыларымен ғана тәуелсіздік үшін үш жүз жылдай соғысты. Тәуелсіздік жолындағы күрестің соңғы сатысы – 1986 жылғы Алматыда болған желтоқсан көтерілісінде қазақтың  ұл-қыздары ерліктің ерен үлгісін танытты. Жаңа дәуір 1991 жылдың 16  желтоқсанынан басталды. Елбасының ерен еңбегінің арқасында қазақ елі әлемге танылды, әлем қазақ елін мойындады.
Тәуелсіздіктің 25 жылында еліміз биік белестерді бағындырды.Өткен аптада Дихан ауылдық округінде ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-Қазақстанның сан ғасырлық арманы» атты салтанатты жиын өтті.
Жиынды  аталмыш округтің әкімі Қ. Исмайл ашып,жиналғандарды егемендігіміздің мерейлі  тойымен  құттықтап,  осы жылдар ішінде   Дихан ауылдық округінде атқарылған жұмыстарды  баяндады. Сонымен қатар  ол  алдағы жылдары қолға алынатын тірліктерді сөз ете отырып, Дихан, Аймантөбе және Жеңіс  ауылдарының  өсіп өркендеуіне өзіндік үлес қосқан  бір топ  ақ жаулықты аналарды, қадірменді қарияларды,  іскер де белсенді азаматтарды және  әр саланың өкілдерін  Диқан ауылдық округінің Құрмет грамотасымен марапаттады.
Сонымен қатар, жиын барысында  Дихан ауылы округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы  №12 хаттамалық шешімімен  Бейсенбеков Қуанышбек, Әбдіқұл қажы және  Жақсылық Үсеновке ауылдық округтің Құрметті азаматы медалі табысталды.
Өмірлерін еңбекпен өрнектеген еңбек адамдары өздеріне көрсеткен құрметі үшін алғыстарын айтып, баталарын берді.
Ел тәуелсіздігінің  ширек ғасырлық мейрамын әспетеген шара соңы ән мен күйге ұласты.Әсіресе   мәдениет үйінің меңгерушісі М. Мамыраймованың ұйымдастыруымен әзірленген концерттік бағдарлама көпшіліктің көңілінен шықты.

ӨЗ тілшіміз.

Обновлено 22.12.2016 10:44
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін269
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада4958
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда21588
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2273257

Серіктестер