Онлайн газет



Айзада - ”Байзақ аруы” атанды

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына  арналған   “Байзақ аруы” байқауы аудан әкімдігі  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және аудан әкімі жанындағы  әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның  ұйытқы болуымен  әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде  өткерілді.
Шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары С. Кенжебаев  сөз сөйледі. Сағындық Жұмағұлұлы  қазақ халқы қыз тәрбиесіне айрықша   көңіл бөлетіндігін,  жаһандану дәуірінде  қазақ қызының бойында имандылық, адамгершілік қасиеттермен қатар тілін, дінін,  салт-дәстүрін  қадір тұтып, қастерлеудің маңызын айтып, додаға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқауға ауданымыздың орта мектептері мен мекемелерінен 16 мен 21 жас аралығындағы 11 ару  қатысып,  “Сәлем-сөздің анасы”, “Қыз еркем-кестесімен көркем”, “Өнерлі өрге жүзер”, “Қызды тәрбиелеген-ұлтты тәрбиелейді”,  “Ең сәнді киім үлгісі” секілді шарттар бойынша сынға түсті.
Қазылар алқасының шешімін жария еткен  ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатыр  сынға қатысып отырған барлық арулардың “Байзақ аруына”  лайық екендігін айтып,  жіберілген кемшіліктерге де тоқтала келе,   “Байзақ аруы” атағына  Темірбек ауылдық округінен келген Айзада Үсіпбекова  лайық екендігін  жария етті. І орынға – Ынтымақ ауылынан келген Манапова Әдемі, ІІ орынға-аймантөбелік Қошанова Сабина,  ІІІ орынға-Қызыл жұлдыз ауылдық округінен келген  Кемелбек Аружан ие болды.
Байқаудың «Инабатты ару» номинациясы Сазтерек ауылдық округінен қатысқан Тұрсынәлиева Жания мен Үлгілі ауылдық округінің  намысын қорғаған  Сағындықова Әсияға берілді.
Жүлдегер арулардың барлығы арнайы Дипломдармен марапатталып, бағалы заттай сыйлықтарға ие болды.
Ал қалған аруларға  байқауға қатысқаны үшін Алғыс хаттар табысталды.

ӨЗ тілшіміз.

Обновлено 22.12.2016 10:42
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін247
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада4936
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда21566
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2273235

Серіктестер