Онлайн газет



“Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” атты акция өткізілді

Жақында Байзақ ауданы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен “Зорлық-зомбылыққа қарсы 10 күн” акциясын іске асыру бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті. Оны аталмыш комиссияның хатшысы С. Иманова ашып,   әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты

жою саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өткеріліп жатқан шараның маңыздылығына тоқталды.
Одан кейін сөз алған  аудандық ішкі істер бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Т. Нұрғалиқызы  аудан аумағында әйелдер қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы  атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті. Аудандық орталық ауруханасының “Жастар денсаулығы” орталығының жетекшісі  С. Бөлтірікова болса   қиын жағдайларға душар болған әйелдерге әлеуметтік психологиялық құқықтық қызмет көрсету жайын әңгімеледі.
Шара барысында білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында және басқа мекемелерде әйелдер мен балаларға қатысты  зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша  өткерілген  семинарлар, тренингтер, рейдтер, ата-аналармен кездесулер, түсіндіру жұмыстарын жандандыру жайы сөз болды.
Дөңгелек үстел соңында оған қатысушыларға  буклеттер таратылды.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 22.12.2016 10:43
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2122
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада4283
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда20913
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2272582

Серіктестер