Онлайн газет



Құқық

АШЫҚ   СОТ - УАҚЫТ  ТАЛАБЫ

Д.Тасыбаев,
Байзақ аудандық сотының төрағасы.

Бүгінгі таңда әлемдегі кез келген мемлекеттің өсіп-өркендеуі  мен табысқа жетуі ең алдымен, мемлекеттік органдардың тиімді және сапалы жұмыс істеуімен тығыз байланысты. Осы  орайда, Қазақстанда сот жүйесін жетілдіруде ерекше назар аударылып отыр. Өйткені, әділ және ашық сот қазіргі кезде еліміздегі заңдылық сатысы деңгейінің, қоғамыздағы  демократиялық үдерістердің дамуының  басты көрсеткіші болып табылады.
Бес халықтық реформада көрсетілгендей, «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» – баршаға бірдей осы заманғы мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам болып саналатын ел үшін алдымен халықтың жағдайына, халықтың әл-ауқатының тұрақтылығына қызмет ететін мемлекетшіл ортаны қалыптастыруды білдіреді.  «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау сот жүйесінің тәуелсіздігі көптеген даулы мәселелерді шешпек. Осы тұрғыда құқық қорғау мен сақтандыру жұмыстары күшейеді деп жоспарланып отыр. «Есеп беретін мемлекет қалыптастыруда» Елбасының көздеп отырған нысанасы – халық мүддесі.
Сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз етуде сот залдарын аудио және бейнежазу қондырғыларымен жабдықтаудың рөлі зор. Бұл туралы Ұлт жоспарының 20 –шы қадамда: « Барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу. Судьяның бейнежазуды тоқтатуға немесе аудиожазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс» деп нақты көрсетілді.
Қазіргі кезде Байзақ ауданы сотының сот залдары толық жаңа жазу қондырғыларымен жабдықталды. Яғни, сот процестерін бейне және аудиожазбаға түсіруге толық мүмкіндік бар. Бұл жүйенің тиімді  жұмысының нәтижесі сот отырысының хаттамасы болып табылады. Осы хаттамада: отырыстың  басталған және аяқталған уақыты, қаралған іс, оған қатысушы адамдар, соттың құрамы, істің атауы және т.б. мағлұматтар көрсетіледі.
Осы жерде аудио-бейне жазбаның артықшылығына тоқтала кетейік. Біріншіден, жаңа  жүйе сот үдерісіне қатысушылардың тәртібін қатайтады. Сот отырысында айтылған әрбір сөз бен іс-қимыл аудио–бейне таспаға түсірілетіндіктен судья да, прокурор да, тараптар да әдеп сақтауға, бір-бірін құрметтеуге тырысады. Екіншіден, соттың барлық отырыстарының бейнежазбасының болуы көптеген даулы мәселелерді әділ шешуге  септігін тигізеді. Үшіншіден, жаңа жүйе судьялардың этикалық  нормаларды бұзуына жол бермейді. Бұл әр сот үдерісінің ашықтығы үшін аса маңызды. Яғни, әрбір судья ертеңгі күні өзінің іс- әрекеті толық тексерілетінін біледі.
Сот төрелігінің әділдігі мен ашықтығы-кез келген елдің кемел болмысының көрінісі. Заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам – ең дамыған қоғам.

 

 

Маңызды семинар

Таяуда  Байзақ ауданының №3 «Байзақ» колледжінде Байзақ аудандық сотының жетекші маманы Б.Қаржауова колледж оқытушылары мен білімгерлердің қатысуымен «Қазақстандағы медиация» тақырыпта семинар өткізді.
- «28 қаңтар  2011 жылы Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданды. Медиация -тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі. Қазіргі уақытта сотта істерді қарау кезінде татуластыру рәсімдерін, соның ішінде медиацияны кеңінен қолдану заң үстемдігін қамтамасыз етудегі басым бағыттардың бірі болып табылады», - деді Б.Қаржауова өз баяндамасында.
Сонымен бірге барлық қатысушыларға медиацияның жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасы және басқа да құқықтық қатынастардың арасында қолдану ерекшеліктері жайлы  кеңінен айтып берді.
Іс-шара соңында Б.Қаржауова семинар тақырыбының аясында туындаған қатысушы мұғалімдер мен білімгерлердің барлық сұрақтарына жауаптар берді.

 

 

11 айдың қорытындысына арналған  брифинг

Байзақ аудандық сотында сот төрағасы Д.Тасыбаев және сот қызметкерлері, «Ауыл жаңалығы» газеті өкілінің қатысуларымен 2016 жылдың 11 айында сот жұмысының қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.
Брифинг барысында сот төрағасы Д.Тасыбаев соттың сандық және сапалық көрсеткіштерін жариялады. Мәселен, жыл басынан сотқа 1106 талап қою арыздары келіп түскен, оның 607 ісі шешім шығарумен аяқталған. Сонымен қатар, сотпен 124 қылмыстық іс, 581 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс-құжаттар қаралған.
2016 жылдың 11 айында медиация тәртібінде 87 азаматтық іс қаралған және 7 азаматтық іс тараптардың бітімгершілік,3 іс партисипативті келісімдер бекітуіне байланысты тоқтатылған.
Брифинг соңында сот төрағасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін брифингке қатысқаны үшін алғысын білдірді.

 

 

Еңбегіне қарай-құрмет

Өткен аптада  «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық  филиалының ғимаратында  тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерекесіне орай өткен жиынға аудандық мемлекеттік мекеме және Байзақ аудандық сотының кеңсе қызметкерлері қатысты.


Жиналыста Байзақ аудандық тілдерді  оқыту орталығы” бөлімшесінің меңгерушісі  А.Амангелдиева  ашып, жиынға келген қауымды мерейлі мерекемен құттықтап,  ана тіліміздің  мәртебесін көтеруге үлес қосқандарды марапаттады. Сонымен қатар ол Байзақ аудандық сотының маманы А.Каржауоваға Алғыс хатты табыс етті.
Іс-шара соңында оған қатысушылар естелікке суретке түсті.

Өз тілшіміз.

Обновлено 22.12.2016 10:38
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін711
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада2872
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда19502
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2271171

Серіктестер