Онлайн газет



Сыбайлас жемқорлық

Бүгінде күн тәртібіндегі көкейкесті мәселе саналатын – сыбайлас жемқорлық, оның алдын алу, болдырмау мәселелері жер-жерлерде талқылануда.  Мемлекеттік органдардың өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдардың және жергілікті қоғамдастықтың өкілдері, ардагерлер мен жастар қауымы қатысқан дөңгелек үстелде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ іс» тақырыбы ортаға салынды.
Іс-шараны ашып, жүргізіп отырған аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Р.Қойлыбаев елдің тұрақты дамуының негізі әлеуметтік-экономикалық және рухани өркендеуге кедергі келтіретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барлығымызға ортақ іс екендігін айтып, ел Президентінің  2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген «ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Стратегиясын кеңінен насихаттаудың маңызына тоқталды.
Мұнан кейін сөз алған «Айтқұл-Ардагер» қоғамдық бірлестігінің басшысы А.Мамытқұл тәуелсіздікті тұғырлы ету қазақстандықтардың ең басты борышы саналатындығын, егемен елде сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ екендігін әңгімелесе, Байзақ ауданының медиаторы Ғ.Көшекбаева  қоғам індетіне айналған жемқорлықтың зардаптары, онымен күресуде өзге мемлекеттердің ұстанатын қағидалары, жалпы медиаторлардың  қызметі туралы сөз етті. Ал, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімшесінің бас маманы Қ.Дәнебаев болса, аудан әкімдігі жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия, оның негізгі міндеті, осы күнге дейін атқарылған жұмыстар жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін540
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада2701
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда19331
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2271000

Серіктестер