Онлайн газет



Ауылға ауыз су келді

Б.ЖАҚСЫМБЕТОВ,
“Ауыл жаңалығы”.

Үкімет соңғы жылдары халықтың әл-ауқатын, білімі мен денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар мақсатты бағдарламаларды қабылдап, жүзеге асырып келеді. Соның маңыздыларының бірі – ауыз су мәселесі болып табылады. Ибн Синаның «Ауру көбінесе ішкен астан, әсіресе, ауыз судан пайда болады» деп ескерткеніндей, халық үшін сапалы ауыз суға қолжетімділіктің маңызы зор.
Аудан көлемінде, оның ішінде, ауылдық eлдімекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау бойынша соңғы екі-үш жылда бірқатар ауылға су құбырлары мен су беру имараттарының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілгені белгілі. Нәтижесінде өткен жылы Дихан, Түймекент, Жетібай, Ақжар ауылдарында су қабылдау имараттары мен су құбыры желілері құрылысын салуға республикалық және жергілікті бюджеттен 693,4 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді.
Осы сәрсенбіде, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында “Ақ бұлақ” бағдарламасы аясында Мырзатай ауылдық округі, Дихан-2 ауылында жалпы ұзындығы – 15 шақырымдық су құбыры желілерінің құрылғысы тартылып, 968 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Су құбырының құрылысын «Де-Факто» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (директоры Нұргелді Шақабаев) өткен жылы қолға алған болатын. «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша Дихан-2 ауылының сумен қамту жүйесін құру сметалық жұмыстарына республикалық бюджеттен жалпы құны 242 миллион 234 мың теңге бөлінді. Осы су қабылдау имараттары мен су құбыры желілерінің құрылыс нысанын “Мекен-Жай Тараз” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобаласа, ЖК “Бегелтаев Б.О.” авторлық қадағалау жасаған.
Ондаған метр тереңдіктен тартылып, бактерицидті тазалағыш, механикалық фильтрация және ультрафиолетті залалсыздандыру секілді үш сатылы тазалағыштан өтетін ауыз су ауыл ішінде орнатылған төрт су тарату нүктелері арқылы халыққа жеткізіледі. Бүгінгі таңда мыңға тарта тұрғыны бар Дихан-2 ауылында мектеп, дәрігерлік амбулатория, балабақша сияқты әлеуметтік нысандарға және 273-ке тарта үйге су тартылды.
Аталмыш ауылдағы таза су құбырының ашылу салтанатына аудан әкімі Мұратхан Шүкеев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Нұржан Тлепов қатысты. Салтанатты шарада сөз сөйлеген аудан басшысы ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық тарихына тоқтала келе, аудан аумағында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың бірі - бүгінгі ел игілігіне ұсынылған су қабылдау имараттары мен су құбыры желілерінің құрылыс нысаны екендігін жеткізді. Ауыл тұрғындарын қуанышты сәттерімен құттықтады. Ауыл жұрты атынан сөз алған еңбек ардагері Лес Жүзбаев өзінің жүрекжарды жылы лебізін арнады. Нысанның лентасы салтанатты түрде қиылып, ауыл тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсынылды.
Осылайша, «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша қолға алынып жатқан жобалар әлеуметтің әл-ауқатын жақсартып, тіршілігіне қан жүгірткені сөзсіз.

Обновлено 20.12.2016 19:02
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1623
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада3784
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда20414
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2272083

Серіктестер