Онлайн газет



Еселі еңбек - елеулі құрмет


Халқымыз үшін ұлық мереке саналатын Тәуелсіздік тойы қуаныштарға толы болды. Торқалы той қарсаңында тәуелсіздікті тұғырлы ету жолында аянбай тер төгіп жүрген азаматтарға мерекелік марапаттаулар табысталуда. Біздің ауданымызда да  еңбегімен ерекшеленген бір топ сала мамандары осындай құрметке ие болды.
Бейсенбі күні, аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде өткен салтанатты шарада аудан әкімі М.Шүкеев, аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Тлепов «Агали» шаруа қожалығының жетекшісі Агалиев Набиді ҚР Президентінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен және Кеңес орта мектебінің директоры Ғалымжан Ақбердиевті  ҚР Президентінің  2016 жылғы 29 қарашадағы №380 Жарлығымен «ҚР-ның Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапаттап, арнайы төсбелгі мен гүл шоқтарын табыстады.
Бұл күні сонымен қатар, денсаулық, спорт, білім, мәдениет, ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік салаларда, мемлекеттік қызметте, халыққа қызмет көрсету мекемелерінде жемісті еңбек етіп жүрген 40-қа жуық қызметкер «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің иегері атанды.  Солардың қатарында аудандық «Ауыл жаңалығы»-«Сельская новь» газетінде көп жылдар бойы өнегелі еңбек үлгісін көрсеткен, бүгінде аудандық мұражайдың директоры Сапар Қалмұратов және басылым редакторының міндетін уақытша атқарушы Гүлшахар Ермұратова да бар.
Мерекелік марапаттаулар мұнымен түгесілген жоқ. «Желтоқсанның 30 жылдығы» естелік меділімен Ұ.Сейдулаева,  ҚР-ның Білім беру жүйесіне зор үлес қосқаны үшін «Еңбек ардагері» медалімен Г.Қосымова мадақталды. Бұдан бөлек бір топ ұлағатты ұстаздар ҚР Білім және Ғылым Министрінің Құрмет Грамотасы, Алғыс хатымен, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен бірқанша сайлау учаскелерінің төрағалары ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының Алғыс хатымен  және бір топ азаматтар облыс, аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың, “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының Құрмет Грамоталарымен, Алғыс  хаттарымен марапатталды.
Мерекелік шарада оған жиылғандар аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған  арнайы концерттік бағдарламаны тамашалап, Астана қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиынды тікелей эфир арқылы тыңдады.

Өз тілшіміз.

Обновлено 20.12.2016 19:01
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2512
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада4673
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда21303
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2272972

Серіктестер