Онлайн газет



КӨҢІЛ ТЕРБЕГЕН КЕЗДЕСУ

Б. Жақсымбетов,
“Ауыл жаңалығы”.

Бүгінде ұлттар мен ұлыстар бірлігінің шынайы нышанына айналған еліміздегі айтулы мереке – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы. Бұл күн ынтымақта тұрмыс кешіп отырған халқымыз үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, жалпыұлттық келісімнің мерекесі.

Аудан басшысы Мұратхан Шүкеев ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, "25 жұлдызды күн" іс-шарасы аясында аудандағы этномәдени орталықтарының жетекшілерімен және үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесу өткізді.
Емен-жарқын әңгіме түрінде өрбіген басқосуда Мұратхан Жүнісәліұлы тәуелсіздіктің арқасында татулық пен келісімнің салтанат құрғанын, өзге ұлт өкілдері арасындағы достықтың берік орнауын, экономикамыздың өркендеп, халықтың әл-ауқатының артқанын айта отырып, кездесу қатысушыларын ашық ой бөлісіп, пікір алмасуға шақырды. Өз кезегінде сөз алған орыс этномәдени орталығының жетекшісі Любовь Горр, түрік этномәдени орталығының жетекшісі Мехия Раджамовтар достық пен бірлікті ту еткен аталмыш орталықтардың бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмыстары туралы кеңінен сөз етіп, құлашын кеңге жайған қазақ халқының дархандығына, қонақжайлылығына шексіз ризашылығын білдіріп, еліміздің көк аспанында тыныштықтың, бейбітшіліктің символына айналған ақ көгершін самғасын деген тілектерін жолдап, аудан әкіміне алғыстарын жеткізді.


Аудан басшысы ауыл шаруашылығы, оның ішінде егін шаруашылығы саласында атқарылған ауқымды жұмыстар, қол жеткізген жетістіктер, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, қант қызылшасының тиімділігі, әлеуметтік, денсаулық сақтау, білім беру, спорт салаларындағы ілгерілеушілік көрсеткіштері, "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасының аясындағы қолға алынған шаралар, олардың орындалу барысы, аудандық мәндегі ауыларалық жолдардың жөнделу және тағы да басқа мәселелер жөнінде жан-жақты айтып берді.
Осынау игілікті істердің барлығы ел Тәуелсіздігінің және Елбасының жүргізіп отырған сабардал саясатының жемісті нәтижесі екендігін алға тартты.

 

 

ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай,
"25 жұлдызды күн" іс-шарасы аясындағы шаралар ретімен өз кезегін табуда.
Аталмыш шараның бірі өткен сенбіде аудандық ардагерлер кеңесінде болып өтті.
Онда аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мырзахан Махамбетов Тәуелсіздік жылдары азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосқан жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне құрмет көрсетті.

Кездесу барысында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мырзахан Махамбетов «Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі белесінде біз бүкіл ел болып Қазақстан жолының қорытындыларын шығарудамыз. Оның орасан мол табысының елеулі бөлігі азаматтық секторға тиесілі. Сіздердің белсенді және жасампаз еңбектеріңіз әрдайым қоғамымыздың әл-ауқатын арттыруға және Тәуелсіздігіміздің нығаюы жолына жұмсалсын!», - деп жылы лебізін жеткізді.

Обновлено 30.11.2016 16:19
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1646
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7663
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33230
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203960

Серіктестер