Онлайн газет



КЕМЕҢГЕР ЕЛБАСЫ

С.Айтжанов,
Байзақ аудандық прокуратурасының прокуроры,1-ші сыныпты заңгер.                     
Бұл мерекелік күн Парламент депутаттарының бастамасы бойынша қабылданған болатын.Депутаттар өз ұсыныстарының мәнін Тұңғыш Президенттің 1 желтоқсанда сайланып, дәл сол күні Қазақстан Республикасында президенттік институтқа алғашқы қадам басталғанымен түсіндірген еді. Осылайша «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға тиісті қосымша енгізіліп, 1 желтоқсан ресми негізде Тұңғыш Президент күні болып белгіленді.
Қазақстанның  Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, Конституциясын, адам мен азаматтардың құқылары мен бостандығын қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізгі қалаушысы болып  табылады.
Тәуелсіздік алғалы бергі сындарлы кезең тарих беттерінен өз орнын ала білді десек, осы 25 жылдан астам уақыт аралығында құқықтық жүйемізде қыруар шаруа жүзеге асты.
Қоғамдық құрылыстың демократиялық бағыттағы дамуының басты кепілі құқықтық реформалар екендігі белгілі. Біздің елдің мақтана алар тұстары көп. Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы елдегі үлкен жаңалықтардың бірі болды.Тұжырымдама көпсалалы сипаттағы проблемаларды шешуге негізделген.
Қазақстан тарихында тұңғыш рет қабылданған адам құқықтары саласындағы Ұлттық іс-қимыл жоспары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді одан әрі демократияландыру бағытын берік ұстанғанының жарқын куәсі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші бабында «адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» біздің мемлекетіміз үшін жоғары құндылық болып табылады делінген.
«Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» екендігі Ата Заңымызда айрықша атап көрсетілген.
Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық саясатында жасалып жатқан барлық іс-шаралар елімізді ізгілендіруге негізделген. Тәуелсіз қазақ жұртының көңіл көкжиегінің ақиқатқа айналуына себепші болған күш бар.Ол–сенім, Елбасына деген сенім.
Мәдениетіміз, өнеріміз, экономикамыз, білім мен ғылымымызбен өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылдық деп мақтанышпен айтуға қақымыз бар. Экономика мен әлеуметтік салаларда, халықаралық қатынастар мен сыртқы саясатта діттеген межеге жетіп, ендігі көздегеніміз бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарында мейлінше биік орын алу.
Мемлекет басшысының елімізді аяғынан нық тұрғызып, әлемге танытудағы еңбегі ұшан-теңіз. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, егемендік алғалы бері де жиырма бес жылға толды. Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды десек те болады.
Қазақстандықтар тізгін ұстаған Елбасына әрқашан қолдау білдірді. Тізгіннің сенімді қолға тиюінің арқасында ел жаңарды, дәулетіміз толыса түсті.
“ЕХРО-2017” көрмесі Қазақстанды  тағы да күллі әлемге танытады. Бұл біздің мүмкіндігімізді көрсететін бүкіл Қазақстан үшін үлкен оқиға. Президентіміздің «Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты ұсынуы жеңіске жетуге көмектесті. Ең бастысы, Астананың таңдалуы-Қазақстанның нақты жемісі.
Мұның бәрі Президентіміздің кемеңгерлігі, көрегендікпен жүргізіп отырған саясатының жемісі. Елде–ертеңге деген берік сенім бар. Ол сенімнің тірегі– еңбекқор халқымыз, жарастығы мол татулығымыз, білімді, мақсатшыл жастарымыз, кемеңгер Елбасы бар.
1 желтоқсан- Тұңғыш Президент күні ел тарихындағы маңызды оқиғаны білдіретін мереке ретінде тойланады. Аталмыш мереке Тұңғыш Президентімізге, ел тарихына  және тәуелсіздігімізге деген құрметіміз  саналады.
Бұл орайда Ел мен Елбасы-егіз ұғымдар. Осыған байланысты Елбасыға деген құрметті елдікке құрмет деп қараған жөн. Елбасы күнін атап өтуді елдікті еңселетіп, тәуелсіздікті тұғырлы ете түсетін ерекше күннің бірі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін707
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6724
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32291
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203021

Серіктестер