Онлайн газет



ТӘУЕЛСІЗДІК ТІЗГІНІ БЕРІК ҚОЛДА

Өткен сенбіде әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тізгіні берік қолда!» тақырыбында жастар форумы өтті.
Ауданда мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы, жастардың тұлға болып қалыптасуы мен азаматтық позициясын орнықтыру мақсатында ұйымдастырылған форум мемлекеттік Гимнмен ашылды. 

Белсенді жастардың басын қосқан аталмыш шарада аудан әкімінің орынбасары Сағындық Кенжебаев сөз сөйледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында: «Мен жастар – біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!» деп ерекше атап көрсетті. Бұл – сіздердің бағыттарыңыз. Сіздердің жалындаған күш-қуаттарыңыз бен алғыр ойларыңыз тың жаңалықты енгізуге мүмкіндік береді. Ұлт Көшбасшысы айтқандай, «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны». Білімдеріңіз сапалы, қабілеттеріңіз қарымды, пайым парасаттарыңыз терең болсын! Мәңгілік Елдің көшін бастайтын да, түзейтін де, сондай дамыған елдердің деңгейіне жеткізетін де – Сіздерсіздер!», деп атап өтті Сағындық Жұмағұлұлы.
Одан әрі сөз алған аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Бекжан Қадырбек барша жалынды да белсенді жастарды елдің дамуы мен гүлденуіне атсалысуға шақырды. Және бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарып жатқан барша жастарға алғысын білдірді. 
Сондай-ақ  шара барысында Тәуелсіздік құрдасы Лаура Талапқызы егемен еліміздің Тәуелсіздігіне тарту ретінде өз ізгі тілегін арнады. Форум соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Өз тілшіміз.

Обновлено 30.11.2016 16:03
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін955
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6972
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32539
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203269

Серіктестер