Онлайн газет



ҚОРЖЫНЫМЫЗДА ҚОС КҮМІС

Спорт – денсаулық кепілі, ел намысы. Байзақ ауданының спорты қашанда алдыңғы қатарда келе жатқанын мақтанышпен айтуға болады. Өңірде спорттың дамуының нәтижесінде талай саңлақтарымыз дүбірлі додаларда топ жарып, аудан абыройын асқақтатуда. 
Соның бір жарқын мысалы - аудан орталығындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері Жеңісбай Әділет пен Байназар Сержанның Әлем чемпионаттарында топ жарып, күміс жүлдегер атануы. Абай ауылының тумасы, бүгінде Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясының білімгері Әділет Ильясұлы бес дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы, екі дүркін Азия чемпионатының жеңімпазы атанған. Спорттың қол күресі түрімен Ильяс Жансақаловтың қарамағында жаттығатын Әділет бауырымыз Болгария мемлекетінің, Благоевград қаласында өткен ХХХҮІІІ Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Сонымен қатар, спорт мектебінің шәкірті Байназар Сержан үстіміздегі жылдың 10-13 қараша күндері Грузия мемлекетінің, Батуми қаласында өткен Әлем кубогының күміс жүлдегері атанып қайтты. 11 жасар  Сержан Болатжанұлы жаттықтырушысы Азамат Қойшыбаевтың қарамағында каратэ-до шотакан спортымен үш жылдан бері тұрақты айналысып келеді.  Осы уақыт аралығында Қазақстан Республикасы чемпионатының екі дүркін жеңімпазы атанып үлгерген Сержанның келешегінен көп үміт күтуге болады. Осылайша, еліміздің намысын қорғаған жас спортшыларымыз өз жеңістерін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап отыр. Олай болса, жеңістерін құтты болсын дегіміз келеді.  Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін491
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада491
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40681
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248067

Серіктестер