Онлайн газет



ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Биыл "кәрі құда" қыс мезгілі ерте басталғаны белгілі.
Осы мақсатта басшы органдар тарапынан тиісті шаралар қолға алынып, нәтижесінде қысқы маусымға дайындық барысы ойдағыдай атқарылған болатын. Өткен сенбіде алдымен мұздақ, кейіннен арты қарға ұласқан соң қытымыр қыстың аязы қысып сала берген еді.

Осыған сәйкес, аудан әкімдігі білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінде қысқы жылыту маусымына дайындықты зерделеу жұмыстары жүргізілді.  Құрамында аудандық мәслихат депутаты Гаухар Туралиева, білім бөлімінің бас маманы Құралай Удерова, бөлім әдіскерлері Ғазиз Рыскулбеков пен Разия Сабитбековалар бар жұмысшы тобы бірқатар мекемелерде, атап айтқанда, Қазақстанның 40-жылдығы, Т.Ақбозов, Н.Ақшабаев, Ақшолақ, Бурыл, Гагарин, Көктал, Қарасу, Қостөбе, А.Суханбаев, Үлгілі орта мектептері мен Ғ.Мұратбаев, Н.Киікбаев және Сарыкемер мектеп-гимназияларында зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Зерделеу барысында білім беру мекемелерінде жылыту жүйелерінің, су құбырлары мен электр жүйесінің жұмыстары, ғимараттардағы есік-терезелердің қыс мезгіліне дайындығы, өрт сөндіру бұрыштарындағы құрал-саймандардың толық жинақталғаны, қазандықтардың, ондағы пештер мен насостардың жұмысына жауапты тұлғалардың даярлықтан өтуі және мектептердегі қысқы жылыту маусымына дайындық бойынша әзірленген құжаттар қаралды.
Жұмысшы топ өкілдері білім беру мекемелеріндегі жылыту маусымына дайындықтың өз деңгейінде жүргізіліп жатқанына көз жеткізді.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін888
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада888
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда41078
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248464

Серіктестер