Онлайн газет



ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ

«Садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің мүддең жолында бойдағы қуат, ойдағы нәрдің бәрін сарп етуге бейілмін»
Н.Ә.Назарбаев.

Д.Тасыбаев,
Байзақ аудандық сотының төрағасы.

Тұңғыш Президент күні - тарихи маңызы зор мереке. Әрі    бұл күн Елбасы төңірегіне  топтасу күні. Тәуелсіздік пен бостандықтың  игі мұраттарынан баянды етіп, өркениетті елдерге тән қадамдар жасауда, ел алдындағы саясаткерлік, қайраткерлік, азаматтық және перзенттік парызын адал орындап, әлемдік беделге ие болған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен мақтанамыз. Елбасының көрегенділікпен жүргізген саясатының арқасында біздің Отанымыз әлемге танылды.
Н.Ә.Назарбаев-ұлт бақыты үшін туған тұлға. Егемендіктің 25 жылында қол жеткізген табыстар, алған асулардың барлығы Елбасы есімімен тікелей байланысты. Президентіміз  ғасырлар бойы арманда өткен бабаларымыздан қалған кең-байтақ жерге Қазақстан деген тәуелсіз мемлекетті құрып, дүниедегі мықты деген елдердің қатарына көтерді.
Қай халық үшін де тәуелсіздік – қастерлі ұғым. Ұлтымыздың ұлы жеңістері оңайлықпен келген жоқ.  Халқымыз өшпес ерлік пен елдіктің, қаһармандық пен батырлықтың ерен үлгісін көрсету арқылы талай қиындықты жеңді.
Тәуелсіздік жолындағы күрестің соңғы сатысы – 1986 жылғы Алматыда болған желтоқсан көтерілісі. Қазақ жастары осынау қиын күндері күрестің алғашқы шебінде болып, ел егемендігі жолында күресті. 1991 жылдың  16 желтоқсанында  еліміз тәуелсіздікке қолы жетті. Тәуелсіздіктің сын сағаттарында Тұңғыш Президентіміз ұлтының үмітін ақтап, дербес, егеменді Қазақстан мемлекетінің негізін қалады, іргелі мемлекет қылды.Қазақстанның тағы бiр үлкен жеңiсi Дүниежүзiлiк «ЭКСПО-17» көрмесiнiң  Астана қаласында өткiзiлуi мемлекетiмiздiң зор әлеуетiн көрсетедi.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдің бірлігін, Конституцияның, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз еткен, жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаған ұлттық рухы мықты, Отанын, халқын шексіз сүйетін кемеңгерге теңеймін.  Тәуелсіздіктің ширек ғасырында Қазақстан халқын бір атаның баласындай бір шаңырақ астына бауырластырып, олардың әрқайсысына туған тілін, дінін, мәдениетінің гүлденуі мен ұлт ретінде ұйыса дамуына еркіндік  берген Елбасы жаңа заманның тарихын жасады, халқын ұлы істерді атқаруға   жұмылдырып отыр.
Тұңғыш Президентiмiздiң басшылығымен Қазақстан дүниежүзiлiк зор беделге, үлкен сенiмге ие болды. Ядролық қарудан өз еркiмен бас тартып, бейбiтшiлiктi басты қағида етiп ұстан Елбасы  «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол-бірлік» дегенді ұстанды. Бір қоғамнан келесі қоғамға ауысар  өтпелі кезең қиындығынан елімізді аман-есен алып шыққан, бүгінде әлемдік қауымдастық мойындаған қазақ елінің  бағына туған  Н. Назарбаевтай  тұлғамен мақтануымыз қажет.
Қорыта айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев- ғасыр тұлғасы.Тұңғыш Президент күні-жылнамамыздағы тарихи күн болып саналатындықтан,  бүгінгі ұрпақ Елбасының  елі үшін  жасаған ұшан-теңіз ерен еңбегін құрметтеп, тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтай білуі қажет.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін413
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1602
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40603
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247989

Серіктестер