Онлайн газет



Тәуелсіздік-құндылық

Д. Сұлтанбеков,
Жамбыл облысы Әділет департаментінің  құқық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің басшысы, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ мүшесі.

Үстіміздегі жылдың 16 желтоқсанында  қазақстандықтар Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын кеңінен атап өтетін болады. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке саналады. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді. Тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді. Ішкі және сыртқы саясатты дұрыс жүргізу, халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өркендеуін, дүниежүзілік қауымдастықта өркениетті мемлекеттермен білікті қарым-қатынас жасауда Елбасының көрегенділігіне тәнті боласың.
Тәуелсіздік-құндылық, асыл қазынамыз. Осы азаттығымыз арқылы еліміз әлемге танылды. Қазір өзге мемлекеттер, өзге халықтар Қазақстанның жеткен жетістігін мойындап, Елбасының ерен еңбегін құрмет тұтады. Біздің Елбасымыз-біреу, еліміз де- бір, халқымыз-бір, тағдырымыз-бір. Біз үшін ортақ тағдыр-Мәңгілік Ел-біздің тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуі үшін еңбек етіп, тер төгуіміз міндет.
Тәуелсіз мемлекеттің қазіргі келбеті, шыққан шыңы, алған асуы, тәуелсіз еліміздің биік беделі Елбасының есімімен тікелей байланысты. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Елбасының сол кезеңдегі басты таңдаған стратегиялық бағыты – ашық нарықтық экономикаға көшу болды. Түбегейлі құрылымдық өзгерістерді жүргізуде шетелдік инвестицияны маңызды фактор деп есептеді. Осындай тарихи шешімдердің арқасында біз қазіргі таңда әлемнiң бәсекеге қабiлеттi 50  елінің қатарынан орын алдық.
Тәуелсіздіктің 25  жылдық мерейтойы қарсаңында мемлекет тарапынан көрсетілетін кепілдендірілген тегін құқықтық көмекке тоқталғанды жөн көрдік.  Жамбыл облысының Әділет департаментімен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету бойынша 157 адвокатпен келісім шарт жасалынған.
2016 жылдың 10 айында «Заң көмегін көрсету» 005 бюджеттік бағдарлама бойынша сот, тергеу және анықтау органдарымен – 9346 қаулы шығарылды. Оның ішінде: соттармен – 5618 қаулы,  4781 қаулы қылмыстық істер бойынша,  190 қаулы азаматтық істер бойынша, 647 қаулы әкімшілік істер бойынша, тергеу және анықтау органдарымен (қылмыстық) – 3728 қаулы. Заңда көрсетілген жағдайларда 9591 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілді.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы Әділет департаментімен облыс аумағында қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеп жатқан сотталғандардың құқықтарын іске асыру жөнінде, сондай-ақ білікті құқықтық көмек алуға бағытталған біршама шаралар өткізілді. Атап айтсақ Тараз қалалық Әділет басқармасының ұйымдастырумен «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы, «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы мүшелері, Тараз қаласы прокуратурасының қызметкерлерінің қатысуымен  УЖД 158/4 мекемесіндегі бас бостандығынан айырылған азаматтармен кездесу ұйымдастырылды.Сотты болған азаматтарды некені бұзу, мұраны рәсімдеу, сыйға тарту шарттары секілді сұрақтар қызықтырды. Кездесу барысында білікті қызметкерлер 11 азаматқа құқықтық кеңес берілді.Мұнымен бірге Жамбыл облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен  мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету бойынша УЖД 158/4 мекемесіндегі бас бостандығынан айырылған азаматтармен кездесу өткізілді.
Жалпы Департаментпен жоғарыда көрсетілгендей іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Аталған шаралар қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеп жатқан сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекет тарапынан көрсетілетін кепілдендірілген тегін құқықтық көмекті барлық азаматтардың тең дәрежеде алуына септігін тигізуде.


 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін235
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1424
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40425
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247811

Серіктестер