Онлайн газет



ҮМІТКЕРГЕ СЕНІМ КӨРСЕТІЛДІ

С.Қалмұратов,
«Ауыл жаңалығы».

Өткен бейсенбіде «Нұр Отан» ХДП Байзақ аудандық филиалының ХІІ кезектен тыс конференциясы болып өтті. Оның жұмысына аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі

М.Шүкеев төрағалық етті.
Жасалған хабарламаға сүйенер болсақ, конференция жұмысына барлығы 123 делегат сайланған болса, оның 120-сы қатысып (97,5 пайызы), 3 делегат белгілі себептермен қатыса алмаған.
Аталмыш партия конференциясына «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы Саяси кеңес мүшелері, аудандық мекеме басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен төрайымдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылып, олардың негізінен келгендігін хабарлаған төраға конференция жұмысын жүргізу ережесіне сәйкес, оның күн тәртібі мен жұмыс регламентін бекітіп алған соң, мандаттық комиссияның хабарламасын тыңдау үшін сөзді аталмыш комиссия төрайымы, «Үлгілі» бастауыш партия ұйымының төрайымы, делегат Д.Мелдебековаға берді.
Динара Сабырбекқызы делегаттардың «Нұр Отан» ХДП Жарғысының 9.6 бабына сәйкес сайланғанын, партияның 50 мүшесінен 1 мүше өкілдік нормасы бойынша 123 делегаттың сайланғанын айтып, олардың сапалық және ұлт өкілдерінің құрамы, жас ерекшеліктері туралы жан-жақты мәлімет беріп, хабарламаны бекітуді, делегаттардың өкілеттілігін растауды ұсынды.
Мандат комиссиясының хабарламасы бірауыздан бекітілген соң төраға конференция күн тәртібіне шығарылған мәселеге көшті. Төраға «Нұр Отан» ХДП қоғамдық бірлестігінен Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер ретінде Тлепов Нұржан Сейдазымұлын ұсынды. Делегаттар тарапынан басқа ұсыныстар түспеді.
Ұсынылып отырған үміткер бойынша сөзге шыққан аудандық мәслихат хатшысы Н.Үкібаев, аудандық филиал жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің төрағасы, депутаттық фракция мүшесі,  делегат Р.Сәрсенов, «Жетібай» бастауыш партия ұйымының төрағасы, делегат М.Қошқарбаевтар аудандық мәслихаттың депутаттығына ұсынылған Н.Тлеповтің қысқаша өмірбаяны мен еңбек жолдарына жан-жақты тоқталып, оның қай қызметте болмасын өзіне жүктелген міндеттерге үлкен жауапкершілікпен қарайтындығын, партиялық белсенділігін, ауданның әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне қосқан үлестерін ескере келе, оған үлкен сенім артатындықтарын айтып, партиялас әріптестерін оның кандидатурасын қолдауға шақырды.
Дауыс беру делегаттардың қалаулары бойынша ашық түрде беріліп, ұсыныс бірауыздан қабылданды.
Конференцияда «Нұр Отан» ХДП қоғамдық бірлестігінен Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер болып, №3 Жалғызтөбе сайлау округі бойынша – Тлепов Нұржан Сейдазымұлы ұсынылсын деген қаулы қабылдап, өз жұмысын аяқтады.

 

Обновлено 02.03.2013 10:50
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1079
mod_vvisit_counterКеше1743
mod_vvisit_counterОсы аптада2822
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда20901
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2228287

Серіктестер