Онлайн газет



39 ЖОБА БОЙЫНША 203,0 МЛН.ТЕҢГЕ. БҰЛ ТУРАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ ОТЫРЫСЫНДА АЙТЫЛДЫ

 

М.МАНЕКЕЕВ,
"Ауыл жаңалығы".

Өткен бейсенбіде,
аудан әкімдігінің мәжілістер залында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті  отырысы болып өтті. Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Рыскелді Сапарбековтің төрағалығымен өткен отырыстың күн тәртібінде үш мәселе қаралды.

Алдымен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аудан аумағында іске асырылуы және Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың игерілуі туралы аудан әкімінің орынбасары Әзімхан Қилыбаев баяндама жасады. Әзімхан Қилыбайұлы өз баяндамасында бағдарлама шеңберінде Түймекент ауылында бой көтеріп, жаңа оқу жылында пайдалануға берілген 300 орындық орта мектептің құрылысы мен  «Сарыкемер ауылының оңтүстік батыс бөлігіндегі 34 га тұрғын алқабын электрмен қамтамасыз ету және тас жол жабындысы көшелерінің құрылысын салу» нысандары құрылыс-монтаж жұмыстарының барысына тоқталды.
Күн тәртібіне шығарылған келесі мәселе - мемлекеттік бағдарламалар аясында ауданға бөлінген қаражаттың игерілу барысы туралы аудан әкімдігі экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы, партия мүшесі Дулат Жақыпбеков баяндап берді.
Баяндамашы өз кезегінде ауыл шаруашылығы саласында бірқатар бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді. Атап айтқанда, "Сыбаға", "Құлан", "Алтын асық", "Ырыс", "Өңірлерді дамыту", «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламалары мен "Өрлеу" жобасы  аясында жүзеге асырылған жұмыстарға нақты тоқталып өтті. Сондай-ақ, осы бағдарлама шеңберінде аудан аумағындағы 18 ауылдық округте 39 жоба бойынша 203,0 млн. теңге ағымдағы айдың сегізі күні облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес бөлінгенін, оның ішінде, білім беру объектілеріне орай, 5 жобаға 12 315,0 теңге, мәдениет ошақтары бойынша 1 жобаға 511,0 теңге, қалған 33 жобаға 190,1 млн. теңге жол жөндеу жұмыстарына жұмсалатынын жеткізді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселеге қатысты аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы, партия мүшесі Дәмеш Ускумбаева сөзге шығып, аудан бойынша мектептердің 2016-2017 оқу жылына дайындық барысы туралы баяндама жасады.
Жаңа оқу жылында ауданда 80 білім беру ұйымдары жұмыс істейді. 2016-2017 оқу жылында  аудан мектептерінде 18 217 оқушы білім алуда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 974 оқушыға артық. Биылғы жылы 1-ші сыныпқа 2270 оқушы келсе, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 113 балаға артқан.


2016-2017 оқу жылына 1-сыныптың, 8-сыныптың оқулықтарына, 4-сыныптың ағылшын тілі, 9-сыныптың «Дінтану негіздері» оқулықтарына тапсырыс беріліп, баспалармен келісім-шарттар  жасалған.
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға және тасымалдауға 80 млн. 308 мың теңге қаржы қарастырылып, бүгінгі күнде қарастырылған қаржыға оқулықтар толығымен  жеткізілген.
Өз сөзінде білім беру ұйымдарының қысқы жылыту маусымына дайындығы жөнінде нақты тоқталған Дәмеш Шайхықызы аудандағы 80 білім беру ұйымдарының 29-ы аймақтық қазандықтар арқылы, 51-і жай пештермен жылытылатынын айтты. Қазандықтардың 14-і қатты отынға, 14-і көгілдір отынға, 1-і сұйық отынға, 51 жай пештермен жылытылатын білім ұйымдарының 24-і көгілдір отынға, 27-і қатты отынға қосылған екен.
Қысқы жылыту маусымына дайындау мақсатында жергілікті бюджеттен мектептерге бөлінген 3000 тонна қатты отынға 37 млн. 798 мың 354 теңге қарастырылып, қазіргі таңда қарастырылған қатты отын толығымен  жеткізілген. Балабақшаларға 785 тонна қатты отын сатып алуға 9 млн. 492 мың теңге қарастырылып, толығымен жеткізіліпті. Қазіргі күнде білім беру ұйымдарының 78-ы (97,5%) қысқы жылыту маусымына дайын. Қалған 2 мекеменің қосалқы қазандықтары жылу маусымына дейін дайын болады деп күтілуде.
«Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасының 1-бағыты аясында Үлгілі ауылындағы Үлгілі орта мектебінің ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу, Сарыкемер ауылындағы Қазақстанның 40 жылдығы және Н.Киікбаев атындағы орта мектептердің ішінара күрделі жөндеу жұмыстары туралы да сөз болды.
Қабылдап алу жұмыстары бойынша мердігерлер тарапынан декларациялар өткізіліп, алу-қосу жұмыстарының құжаттары мен авторлық қадағалаушы мен техникалық қадағалаушы тарапынан қорытындылар жасалуда екен.         
Отырыс соңында оған қатысушылар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, оның әрбіріне нақты жауаптар берілген соң Партиялық бақылау комиссиясы отырысының Қаулысы қабылданды.

Обновлено 28.09.2016 15:44
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1142
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7159
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32726
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203456

Серіктестер