Онлайн газет



Балалар қуанышқа кенелді

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай “Бақытты балалық  шақ мекені” ұранымен  өтіп жатқан «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жаны жомарт, жүрегi алтын, қолы кең жандардың жыл санап қатарының артып отырғанын көрсеттi.
Кеше,  Кеңес Одағының Батыры А.Суханбаев атындағы балалар  демалыс  саябағында  аудан әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен  “Мектепке сыйлықтар!”  акциясы өтіп, онда аудан әкімі М.Шүкеев сөз  сөйледі.

Мұратхан Жүнісәліұлы қайырымдылықтың мән-мағынасына тоқтала келіп, ел ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білікті, алғыр әрі жалынды жастар қолында екендігін айтып,  оларға жан-жақты қамқорлық  көрсетудің маңызын сөз етті. Еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатқан “Мектепке жол” акциясы  жаңа оқу жылы алдында мектеп табалдырығын аттайтын балаларға  көл-көсір қуаныш сыйлайтындығын айтып,  өз атынан  Багара, Үшбұлақ, Еңбек, Ақтөбе және Сарыкемер  мектептерінің төменгі сынып оқушылары  А.Омар, А.Лесбек, Н.Ширметова, А.Тұрсынбай, Қ. Тұрсынбаеваларға оқу  құралдары салынған сөмке,  спорттық киімдер  табыс етті.
Бұдан соң сөз алған “Нұр Отан” партиясы Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Байтақова  игілікті шараға “нұротандықтардың” қосып жатқан үлесін айтып, бірнеше өренге  көмегін көрсетті. Аудандық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Т.Кадимова,  кәсіпкер Л.Жабатаева,  ЛТД “ Акбар строй” ЖШС-інің өкілі А.Калыковтар қолдауға зәру отбасының балаларына киім-кешек пен оқу құралдарын сыйлады.
Жаңа оқу жылының алдында  жаны жомарт ағалары мен апайларының тартуына риза болған балалар қуаныштан жүздері бал-бұл жанса, ата-аналар атынан сөз алған А.Айтимбетова қайырымды  жандарға алғысын  білдірді.
Қайырымдылық шарасына әуезді  ән, күмбірлеген күй,  ырғақты би  әр берді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 24.08.2016 16:56
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1617
mod_vvisit_counterКеше1743
mod_vvisit_counterОсы аптада3360
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда21439
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2228825

Серіктестер