Онлайн газет



НАН БАҒАСЫ НЕГЕ КӨТЕРІЛДІ? МӘСЕЛЕНІ АНЫҚТАУ МАҚСАТЫНДА РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

М.МАНЕКЕЕВ,
“Ауыл жаңалығы”.

Нанды қазақтай қадірлейтін халық жоқ шығар. «Құранға шығып нанды алуға болғанымен, нанға шығып құранды алуға болмайды» дейтін де біздің қазекең. Өзге тағамды жей берсең, шығып кетесің, ал, наннан  ешқашан… Сондықтан да нан ауқаттың басты арқауы, тағамның төресі. Оны пайдаланбайтын ел, пенде бұл жаһанда кемде-кем һәм жоқ та шығар.
Апта басында “Өткен сенбі мен жексенбіден бастап, Сарыкемерде нан қымбаттап жатыр. Неліктен?”- деп, редакцияға телефон шалушылар қатары көбейді.
Аптаның дүйсенбісі күні, аудан әкімінің салалық орынбасары Дулат Сұлтанбековтің басшылығымен аталмыш ақпараттың ақ-қарасын анықтау мақсатында рейд ұйымдастырылып, құрамында аудан әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Д.Наурызбаев және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар топ Сарыкемер ауылындағы халық көп баратын сауда орталықтарын аралауға шықтық.
Аудан орталығындағы “Керемет”, “Кәусар”, “Арзан”, “Бегей”, “Аққу” сауда орталықтарын аралаған Дулат Әбенұлы ондағы сатылымға шығарылып жатқан нан бағасының тұрақтылығына баса назар аударды. Сонымен қатар, халықтың күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдеріне де көңіл аударды. Дүкен иелеріне нан бағасына қатысты тиісті орындарға сұраныс жіберілгенін, қазіргі таңда нан пісіретін наубайханалар мен нан тасымалдаушылар арасында түсіндіру және бағаның нендей мақсатта көтерілгенін анықтау шаралары жүргізіліп жатқанын жеткізген аудан әкімінің орынбасары дүкен иелеріне нан бағасын негізсіз көтермеу жайлы ұсынысын білдірді. Мысалға, “Керемет” дүкенінде бір бөлке нанның бағасы 55 теңге, “Кәусар” шағын маркетінде 65 теңге, “Арзан” сауда орнында 50 теңге, “Бегей” мен “Аққу” сауда нүктелерінде 55 теңгеден сатылып жатыр екен.
Өз кезегінде аудан әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Д.Наурызбаев: “Сазтерек ауылдық округінде орналасқан Абай ауылының жеке кәсіпкері өз дүкенінде бір бөлке нанды 50 теңгеден асырмай, Тараз қаласындағы наубайханадан тікелей өзі тасымалдап, ауыл тұрғындарына сатып жатқанын, мұндай жаны жомарт азаматтардың қатары көбейсе нұр үстіне нұр болар еді”-деген ойын білдірді. 
Ұйымдастырылған рейд соңында біздің тілшілерге арнайы сұхбат берген аудан әкімінің орынбасары Д.Сұлтанбеков әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің негізгі жеті түрінде баға өсімі көтерілгенін, қалған өнімдерде баға тұрақтылығы сақталып отырғанын айтты. Сондай-ақ аудан әкімдігі тарапынан аймақта азық-түлік өнімдерінің мониторингі жасалып, бағаның негізсіз көтерілуіне жол берілмейтінін жеткізді.

Обновлено 24.08.2016 16:52
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін338
mod_vvisit_counterКеше1047
mod_vvisit_counterОсы аптада3677
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда11318
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2262987

Серіктестер