Онлайн газет



ТІГІН ЦЕХЫ ЖҰМЫСҚА КІРІСТІ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған  Жолдауында индустриялық-инновациялық даму шеңберіндегі жобалардың әлеуметтік маңызы шексіз екеніне тоқталып, осы бағыттағы бағдарламалардың экономиканы жаңғыртудың

басты бағдары болып қала беретінін ерекше атап көрсеткендігі белгілі. Елбасының осындай тікелей қолдауының арқасында еліміздің барлық аймақтарында үдемелі индустриялық-инновациялық жобалар өмірге келіп, олар толықтай іске қосылуда. Өйткені, тәуелсіз мемлекетіміз көптеген жетістіктерге жетіп, даму үстінде.  Өзінің егемендік жолында әлеуметтік, мәдени, экономикалық  бағытта толағай табыстарға қол жеткізіп, халық ахуалы едәуір жақсарды. Елбасы барлық жағдайды жасап қана қоймай, ерік берді. Нақты айтар болсақ, жаңа демократиялық дәуірге қадам басқан қазақстандықтар қолдан келген кәсібінің игілігін көруде. Жыл санап өз шаруасын ашып жатқандардың саны артуда. Ол үшін бүгінде арнайы бағдарламалар жұмыс жасап, ауыл-аймақтағы ағайын тұрмысының тіктелуіне көп мүмкіндік беруде.
Өткен аптада аудан орталығы Сарыкемер ауылында жаңа тігін цехы ашылыпты деген хабарды естіген бойда аудан әкімдігі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары К.Мырзабеков және бөлімнің бас маманы С.Қалмаханмен бірге тігін цехының тыныс-тіршілігімен танысудың сәті түскен еді.  «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы ғимаратында орналасқан шағын цехта біз барғанда қауырт жұмыс жүріп жатыр екен. Бізді күлімсірей қарсы алған Пакия апай шеберхананың ішін аралатып, атқарылып жатқан жұмыстар жайында кеңінен түсінік берді.
Қытай Халық Республикасының Тарбағатай аймағынан атажұртқа қоныс аударған Пакия  Ахметқызының өз ісінің шебері екенін мұндағы қызу жұмыс барысынан анық аңғардық. Жасы егде тартқанына қарамастан еңбекке құлшына кіріскен апайдың Қытайдың Үрімжі қаласынан алып келген заманауи техникасына қызыға қарадық. Бұл - қазақша ою-өрнек тігетін автоматтандырылған компьютермен басқарылатын қондырғы боп шықты. Мұндағы жұмыстардың бәрі автоматтандырылған. Ол тапсырыс берушінің талғамына сай киім үлгілерін пішіп, тігуге жәрдемдеседі.
Бұрын тігіншілер қолмен атқаратын жұмыстардың бәрі ендігі жерде автоматты түрде жүргізіледі. Тіпті, киім үлгілерін пішудің өзі компьютердің көмегімен жасалынады.
«Әзірге тек қазақы үлгідегі шапандар мен камзолдар тігіп жатырмыз. Алдағы уақытта жұмысымыз жанданса, мектеп оқушыларының формаларын, әскерилер мен жұмысшылар киімдерін тігуді қолға алатын боламыз»-дейді бізбен әңгімесінде Пакия апай.
Жоғары талғамға сай тігіліп жатқан шапан үлгілері көз жауын алады. Қазіргі таңда шеберханада он бір адам жұмыспен қамтылыпты. Олардың алтауы – тігінші, үшеуі – компьютерде, біреуі – үтікші, біреуі – кесуші. Автоматты қондырғыдан бөлек мұнда он төрт тігін машинасы бар екен. Оның әзірге жетеуі істеп тұр. Тігіншілердің жұмыс барысы мен машиналардың қалай жұмыс істейтінін өз көзімізбен көріп, тігіншілерді сөзге тартып, жай-жапсарға да қанықтық. Олардың айтуынша жаңа цехта барлық қолайлы жағдай, сапалы өнім шығаруға барлық мүмкіндіктер бар. Мысалға, бұрын жіптерді, тарқатылған жерлерді өзіміз қолмен кесіп, қиып жататынбыз. Қазір мұның бәрін компьютер атқарады. Тіпті, түйменің өзін машинка қадайды. Біз тек соны бақылап отырамыз, – дейді шеберлер.
Жоғарыда айтып өткеніміздей жаңа тігін шеберханасы ашылумен ауданда жаңа жұмыс орындары да ашылып отыр. Пакия Ахметқызы шеберханаға қолынан іс тігу келетін қыз-келіншектерді жұмысқа қабылдауға дайын екенін және кез-келген үлгіде тапсырыстар қабылдайтынын жеткізіп, мемлекет тарапынан көрсетілетін қомақты қолдауға арқа сүйейтінін білдірді.
Жаңа ашылған тігін шеберханасының ісіне сәттілік, алдағы уақытта өндірістің өнімі өтімді болуына тілектестік білдірдік.

 

 

Фото: А.Алдабергенов

Обновлено 13.02.2013 15:24
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін916
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6933
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32500
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203230

Серіктестер