Онлайн газет



Жемқорлықпен күрес-маңызды міндет

Ш. Тойшыбеков,
аудандық әділет басқармасының басшысы.

Сыбайлас жемқорлық-қоғамдық қасірет. Кез келген қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес өзекті мәселе болып табылады. Елбасымыз Н. Назарбаев  өзінің Қазақстан халқына  арнаған Жолдауында: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі әрі онымен  аяусыз күрес-баршаның міндеті» деп атап көрсетті.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық  даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулатады және демократиялық мемлекеттің саяси, қоғамдық институттарында кері әсер етеді. Елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіреді.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты іс-қимыл жасамаған жағдайда, оның өріс жайып, жаңа жағдайларға икемделу дағдысы бар екендігі белгілі.
Елбасымыз атап айтқандай, «сыбайлас жемқорлықпен күрес қылмыскерлерді жазалау жөніндегі табанды шаралар ғана емес, бұл – мемлекет пен қоғамның күнделікті жұмысының тұтас кешені» болып табылады.
Елбасы жариялаған бес институционалдық реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13 қадамындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мен «Қазақстан Республикасының 2015 жылғы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңына жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бүкіл қоғамды  тарта отырып, жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және деңгейін төмендетудің әрі  «Мәңгілік Ел» идеологиясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызы зор.
Сондықтан әрбір Қазақстан Республикасының азаматы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1308
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7325
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32892
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203622

Серіктестер