Онлайн газет



Нұротандықтар белсенділік танытты

Тоғызыншы жыл қатарынан өтіп жатқан республикалық «Мектепке жол» акцияның әлеуметтік маңыздылығын ескерген  «Нұр Отан» партиясы  Байзақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен партияның «Бақытты балалық шақ»  жобасын жүзеге асыру мақсатында

өткен қайырымдылық шарасы тұрмысы төмен отбасындағы және үйде оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға  ұлан-ғайыр қуаныш сыйлады.

Өткен аптада  Сарыкемер ауылының орталығындағы (ескі универмагтің) екінші  қабатында “Сафият” кеңсе-тауарлар дүкені тұсауын кесті. Мектепке   қажетті оқу құрал-жабдықтармен қамтылған дүкеннің ашылу салтанатына   қатысқан «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш. Байтақова, облыстық мәслихат депутаты-Б.Сейткаримов, фракция мүшелері С.Молдабеков, Р.Сапарбеков, Е.Әшірбеков, С.Алтаева, Саяси кеңесінің Бюро мүшесі С.Қалмұратов,  Саяси кеңес мүшесі С.Сыздықовтар  шара аясында  қамқорлықты қажет ететін балаларға қол ұшын созу-адамгершілікке жататындығын айтты.
Жаңа оқу жылының алдында есігін айқара ашқан дүкеннен  халық қалаулылары, атап айтқанда,  аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Р. Сапарбеков, “Тау Дос” ЖШС-нің директоры Г. Тұралиева, депутат С. Алтаева,  “Байзақ несиелік серіктестігі” ЖШС-нің директоры С. Молдабеков, “Айна Citу” ЖШС-нің директоры Е. Әшірбаев және аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С. Сыздықов, “Байжанова” шаруа қожалығының төрайымы, Байзақ ауданының Құрметті азаматы Н. Байжановалар  мектеп оқушылары:М.Тұрлыбаева (А. Пушкин орта мектебі),С.Гогобиринзе (Н. Гоголь орта мектебі), А.Босманов (Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназия),  Ш.Үсенқызы (Т. Ақбозов орта мектебі),  Ы.Айтбек (Ленин атындағы  орта мектеп),  А. Досмұрат  (А. Суханбаев  атындағы орта мектебі),  М. Ермекова (М. Мәметова  атындағы негізгі мектеп),  А. Мухамеджан (С.Абланов  орта мектебі),  М. Калугина (Бурыл  орта мектебі), А. Турбаевтарға  (Ю. Гагарин орта мектебі)  қажетті мектеп құралдарымен қатар киімдер сатып  алып беріп,  ата-аналарының көзінше табыстады.
Сонымен қатар халық қалаулылары балалардың әрқайсысына тортты  тарту етті.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 17.08.2016 16:09
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін478
mod_vvisit_counterКеше1190
mod_vvisit_counterОсы аптада478
mod_vvisit_counterӨткен аптада8564
mod_vvisit_counterОсы айда15554
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2267223

Серіктестер