Онлайн газет



Қамқорлық құшағын жайды


Құран Кәрімнің “Әли  Имран” сүресінің 134-135-ші аятында «Аллаһ жақсылық жасағандарды жақсы көреді» делінген. Бір хадис шәрифте: «Бір жақсылық жасауды ойлап, жасай алмаған адамға Алла тағала жасағандай толық бір сауап жазады. Егер сол жақсылықты жасаса, Алла тағала (ол кісінің ықыласына қарай) он,  жеті жүз және одан да көп сауап жазады. Бір жамандық жасауды ойлап жасамаған адамға да Алла тағала толық бір сауап жазады»  депті (Бұхари, Мүслим).
Өткен аптада  аудан орталығындағы “Байзақ баба” мешітінде жұма намаздан соң,  бас имам Р. Азизов пен А. Болатбетовтің  ұйымдастырумен  республикалық  “Мектепке жол” акциясына орай жиын өтті. Жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеген  бас имам  бір сауапты іске он сауап жазылатындығын,  еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатқан  республикалық  деңгейдегі “Мектепке жол” акциясының   мақсатын айтып, қайырлы іске атсалысып, үлес қосудың маңыздылығын әңгімеледі.  Пайғамбарымыздың (с. ғ.с) хадистерінен  мысалдар келтіре отырып,  әлеуметтік жағынан қорғалмаған, көпбалалы отбасының балаларына,  яғни 10 өренге  сөмке және   қаражат жағынан қолдау көрсетті.
Мұндай қайырымдылық шаралары аудан аумағындағы барлық мешіттерде жалғасын табуда.

Өз тілшіміз.

Обновлено 17.08.2016 16:05
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін823
mod_vvisit_counterКеше1190
mod_vvisit_counterОсы аптада823
mod_vvisit_counterӨткен аптада8564
mod_vvisit_counterОсы айда15899
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2267568

Серіктестер