Онлайн газет



Балалар қандай ойыншықпен ойнап жүр?

Г.Өтепова,
Байзақ аудандық ТҚҚ басқармасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы. 

Біздің өміріміздегі ең қымбаттысы-балалар. Ата-ана қуанышын сезініп көргендер, бұл сөздің мағынасын бірден түсінеді.Көбінесе ата-аналар өз махаббаттарын сыйлықтармен, түрлі ұнамды ұсақ-түйек заттарды сыйлау арқылы білдіріп жатады.Біз балаларымызды еркелетеміз және олардан ешнәрсені аямаймыз. Көбіне   балаларымызға  ойланбастан қалаған ойыншықтарын сатып алып беріп жатамыз. Алайда  сатып алған ойыншықтарымыздың кейбірі  бала ағзасына қауіп төндіретіндігін сезбейміз.
Ойыншықтармен сәби

дүниеге келгеннен бастап 12 жасқа дейін, кейде одан да жоғары жасқа дейін ойнайды. Ал кейбіреулері есейген шақта да ойыншықтар алып өздерін қуантып жатады.Бірақ осының бәрі бір көргенге қуаныш болып көрінгенмен, шындап келгенде олай емес.Бәріміз де канцерогендер, формальдегид, фенол, метанол, сынап, қорғасын деген заттарды естігенбіз.Бірақ бұның бәрі біздің сүйікті ойыншықтарға қандай қатысы бар деп ойланып көргеніміз шамалы? Шындап келгенде,қатысы бар екен, тіпті тікелей қатысы бар.Жосықсыз өндірушілер осы заттардың жоғары құрамы болатын арзан шикізатты балаларға арналған  ойыншықтар өндірісі кезінде пайдаланады.
Алдымен бұл қандай заттар, қандай қаупі бар, сондай-ақ, қандай белгілер тудыруы мүмкін екендігін түсінейік.Егер өзіңіздің балаңыздан осындай белгілерді байқасаңыз,онда дабыл қағу керек. Сонымен бірге сапасыз ойыншықтан тез арада құтылғаныңыз дұрыс.
Фенол хош иістендіргіш көмірсутек болып табылады.Бұл өзіндік иісі бар түссіз кристалды зат. Оны фенолформальдегидті шайыр, желім, әр түрлі пластиктер және былғары жиһаз өндірісін, сондай-ақ балаларға арналған ойыншықтарды шығаруда пайдаланады. Фенол тері арқылы, жоғары дем алу жолдары және асқазан-ішек жолдары арқылы тез сіңіріледі.Бұл мұрынның бітелуі, бас айналу, бас ауруы, лоқсу, ұйқының бұзылуы, дем жетпеушілік және жүректің жиі соғуына әкеліп соғады. Бұл ретте ол баланың иммундық және жүйке жүйесіне әсер етеді, сонымен қатар аллергиялық реакциялар тудырады.Құрамында фенол бар ойыншықтар негізінен Қытайда өндіріледі, әдетте өндірушісі көрсетілмейді.
Формальдегид-бұл түссіз газ, өткір иісі бар, суда және спиртта жақсы ериді. Ол өте улағыш. Формальдегид шайыр, пластиктер, бояулар, тоқыма өндірісінде қолданылады.Олар сондай-ақ ойыншықтар дайындауда да пайдаланылады.Формальдегид ең қауіпті құралдардың бірі болып есептеледі. Ол өте  күшті  улағыш реакция тудырады: лоқсу, жөтел, бронхылардың түйілуі.Формальдегид рак ауруын тудыратын канцероген болып табылады.Сарапшылар жұтқыншақ ісік ауруын тудыруда формальдегидтің байланысы бар екендігін дәлелдеген. Сонымен қатар жүргізілген зерттеулер туралы айтады.
Қорғасын-бұл балаларға арналған әшекейлердің: сақина, білезік, алқа, тана моншақ, мойын-алқа, бойтұмар және т.б. құрамында болатын металл.Қорғасынның көмегімен өндірушілер өнімге күмістей жалтырауық береді.Бұндай әшекейлер өте қауіпті, әсіресе егер балалар ойыншықты аузына  салса немесе жұтып қойса. Қорғасынның ағзаға түсуі ақыл-ойдың дамуына кері әсерін тигізеді,тіпті бала өліміне әкеліп соқтырады.
Өкінішке орай,адам психологиясының ерекшелігі сонда, біз бәрін түсінеміз және білеміз.Алайда, дәл осы жағдаймен  өмірде кездесуіміз мүмкін.Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті жүргізген зерттеулердің нәтижелері бойынша іріктелген сынамалардың жалпы санының 42%-і техникалық регламентке сәйкес келмейтінін көрсетті. Сол жөнінде толығырақ айтайық.
Сонымен, 2016 жылғы  бірінші тоқсанында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті барлығы 546 балалар ойыншықтарының сынамаларын іріктеп, зерттеді.Өткізілген зерттеу сынамалары нәтижелері бойынша іріктелген сынамалардың жалпы санының 232 сынамасы (42%) Кеден  одағының техникалық регламенттері талаптарына сәйкес келмейді деп танылды. Сәйкес емес өнімнің жалпы  санының 70%- і таңбалау ережелерінің бұзылуына,20 %- і физикалық-механикалық қасиеттері бойынша(жиектердің, қылаулардың, жарықтардың, өткір ұштардың қолжетімді болуы), сондай-ақ 10%- і құрамында формальдегидтің жоғары болуы, максималды дыбыс көрсеткіші мәнінің жоғары болуы бөлігіне сәйкес келмейді.
Сәйкес келмейтін ойыншықтардың негізгі бөлігі мына елдерде өндірілген,  Қытай Халық Республикасында -75%, Ресей Федерациясына 17 %, 2 %-і Украинада және Швейцарияда шығарылатын өнімдерге тиесілі болса, 1%-і Беларусь Республикасына тиесілі.Өндірушілері көрсетілмеген ойыншықтардың үлесі-3%-і құрайды.
Жоғарыда айтылғанның негізінде мынадай қорытынды жасауға болады. Балалар кішкентай болғандықтан және өзінің денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауап бере алмайтындықтан олар қалаған заттың бәрін бірдей сатып алуға болмайды. Ал сіз керісінше- жауапты бола аласыз. Сол себепті өзімізді де, балаларымызды да қорғау үшін, ойыншықты сатып аларда саналық білдіргеніміз абзал. Ол үшін ойыншықты сатып алғанда материалын, жабынын және бояуын қарап, заттаңбада таңбалаудың болуына назар аударып, иістің болуына тексеру және (мүмкіндігінше) және ойыншықтың боялған бетінің беріктігін (қолда қалып қойған бояу) тексеру керек. Ойыншықты алар кезінде балалар жұтып қоюы мүмкін-ұсақ бөлшектер, өткір ұштар және бөлінетін бөліктері болмауы керек.
Сондай-ақ, ойыншықты сатып аларда қаптамасына назар аударыңыз. Қорабында мыналар көрсетілуі керек: тауардың атауы,өндіруші мен оның мекенжайы, техникалық регламентке сәйкестігі, тұтыну қасиеттері туралы ақпарат, өндірілген күні, сақтау мерзімі мен шарттары.
Есіңізде болсын,тұтынушы тауардың қауіпсіздігін растайтын құжаты (сәйкестік сертификатын) талап етуге құқылы. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес сатушы тұтынушының  талабы бойынша оған тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы мен қауіпсіздігін және оның жиынтықталымын  растайтын құжаттарды ұсынуға тиісті.
Заңды білу Сізді және жақындарыңызды қорғауға көмектесетіндігін ұмытпаңыз.
Материал «Сіздің сарапшыңыз» атты басылымнан  алынды.

 

Обновлено 17.08.2016 16:10
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін529
mod_vvisit_counterКеше1241
mod_vvisit_counterОсы аптада6774
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда14415
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2266084

Серіктестер