Онлайн газет



Ата заң-айбынымыз

Е.Аккулиев,
Байзақ аудандық сотының судьясы.

Ата заңымыз:  «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, ... » деген сөзбен басталады. Бұл деген Қазақстанда тұратын барлық ұлт азаматтарының орныққан саяси келісімінің негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы  1995 жылғы 30-тамызда бүкілхалықтық референдум өткізу жолымен қабылданған. Ата заңымыз жас мемлекетіміздің өркендеуіне қол жеткізген, зайырлы және құқықтық ел екенімізді айқындайтын бірден-бір төлқұжат.
Конституция мемлекетіміздің тарихи дамуының негізі ретінде ғана танылып қоймай, сонымен қатар барлық заңдардың бастауы болып табылады.Ата заңда адамның жеке бас бостандығы, құқықтары, жеке өмірінің  құндылығы, сондай-ақ билік тармақтарының қоғамдағы рөлі айқын тұжырымдалған. Сондықтан да Конституцияға сәйкес мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы-халық болып табылады.
Конституция осы жиырма  бір жылдың  ішінде жас мемлекетіміздің тұғырына берік тұрып, билік пен басқару жүйесін жан-жақты нығайтып қана қоймай, ел экономикасын түбегейлі реформалауға, сыртқы және ішкі саясаттың оң нәтижелі жүзеге асыруына ықпал жасады. Қоғамда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын орнатты. Бір сөзбен айтқанда, Ата Заң қоғам дамуының түпқазығына айналды.
Сонымен қатар Ата  Заң Қазақстанның қоғамдық және мемлекеттік құрылысының іргелі қағидаларын бекітіп, демократиялық институттарының дамуына мықты қуат берді. Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм және мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу түбегейлі принциптері болып табылады.
Ата Заң-мемлекеттік биліктің қайнар көзі-халықтың өзі екенін айқындайды,  әрі Қазақстан мемлекеттігінің нығаюына, еліміздің дамуына, халқымыздың өсіп-өркендеуіне негіз қалап берген Конституция тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге де әлеуетті екенін танытып отыр.
«Конституцияны қатаң ұстану-бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру – бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет-Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау»,-деп Елбасымыз айтқандай, Ата заңымызды құрметтеп,  соның аясында өмір сүріп,  ел игілігі жолында еңбек етуге міндеттіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін635
mod_vvisit_counterКеше1190
mod_vvisit_counterОсы аптада635
mod_vvisit_counterӨткен аптада8564
mod_vvisit_counterОсы айда15711
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2267380

Серіктестер