Онлайн газет



БАҚ өкілдерімен кездесті

Жақында Байзақ аудандық сотында сот төрағасы Д. Тасыбаев “Ауыл жаңалығы” газетінің қызметкерлерімен баспасөз-конференциясын  өткізді.
“Байзақ аудандық сотының 2016 жылдың 6 айында БАҚ-пен қарым-қатынасы” атты тақырыпта өткен баспасөз-конференцияда сот төрағасы Д. Еркебекұлы  БАҚ-тың  тәуелсіз еліміздің өркендеуінде алатын орнына, сот саласындағы маңызды мәселелер басылым бетінде  жарық көріп отырғандығын әңгімеледі әрі келешекте бірлесе еңбек етудің маңызына тоқталды.
Сондай-ақ сот төрағасы  тілшілердің сауалдарына жауап берді.

“Ашық есік” күні өтті

Таяуда аудандық сотта “Ашық есік күні” өтіп, оны  аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Е. Аккулиев  жүргізіп отырды.
Ашық есік күні негізінен халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, сот жүйесіне азаматтардың сенімін жоғарылау мақсатында өткерілді.Сондай-ақ  ашық есік күнінде әділ сот төрелігіне деген сенімді және қолжетімділігін арттыру жайы да сөз болды.
Шараға қатысушылар тарапынан туындаған сауалдарға  жауаптар берілді.

“Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті”

атты  тақырыпта өткен дөңгелек үстелде  елімізде  жемқорлыққа қарсы  саясатты  іске асыру, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтардың  алдын алу, жемқорлыққа  қарсы мәдениетті насихаттау механизмдері  талқыланды.
Аудандық соттың судьясы С. Умралиев  аталмыш тақырыпта  мағыналы баяндама жасап, жемқорлықпен күрес-баршаға ортақ шаруа екендігін айтып,  қоғамның жегі құртымен күрес-мемлекеттік саясаттың негізгі  басымдықтарының бірі екендігін  жеткізді.
Шараға қатысушылар тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күрес тетіктерін әлі  болса жетілдіру жөніндегі ұсыныстар  ортаға салынды.

Өзекті мәселені қаузады

Осы аптаның басында аудандық сотта “Сот отырыстарында дыбыс-бейне жазу жүйесін қолдану”  атты тақырыпта өткен семинарды  сот төрағасының міндетін  атқарушы Е. Аккулиев ашып, жүргізіп отырды.
Семинардың күн тәртібіндегі мәселе бойынша сот отырысының хатшысы Ж. Малибекова баяндама жасап, “100 нақты қадам”-Ұлт жоспарындағы басым бағыттарға тоқталып, сот төрелігін жүзеге асыру барысында іс жүргізуді автоматтандыруға және оңтайландыруға мүмкіндік беретіндігін атап  көрсетті.
Мұнымен қатар баяндамашы  “Сот отырыстарын жазуды дыбыс-бейне жүйесі арқылы жазу” ережесі  жөнінде   кеңінен мағлұмат беріп, сот отырыстарын уақытында басталуы және барлық сот отырыстары дыбыс бейне-жазу жүйесін міндетті түрде қолдану керектігін  баса айтты.

Медиация туралы заңға арналды

2011 жылы 28 қаңтарда қабылданған  ҚР “Медиация туралы” заң бүгінде қолданысқа енген. Аталмыш заңның маңызы туралы аудандық сотта өткен дөңгелек үстелде айтылды.
Аудандық соттың судьясы А. Назаркуловтың төрағалығымен өткен шарада дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институттарының   маңыздылығы сөз болды.
Алдымен судья  А. Назаркулов медиация институтының азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, оны қалпына келтірудің тиімділігі, сондай-ақ, қоғамдағы жанжалдарды дер кезінде шешудің баламалы тәсілі екендігі туралы  жан-жақты ақпарат беріп, қатысушылар  қойған сауалдарға тыңғылықты жауап берді.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін753
mod_vvisit_counterКеше1241
mod_vvisit_counterОсы аптада6998
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда14639
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2266308

Серіктестер