Онлайн газет



Медиация және татуластыру рәсімдері

А.Назаркулов,
Байзақ  аудандық  сотының
судьясы.                                       

2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті «Медиация туралы» және  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне медиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойған болатын. Бұл заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиаторлардың мәртебесін айқындайды.
«Медиация» сөзі латын тілінен аударғанда «делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға» деген мағынаны білдіреді.
Медиация тәсілі сот жүйесіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден- бір жолы, яғни, тарапты қанағаттандыру негізінде жүргізілген келіссөз рәсімі.
Медиация заңы-азаматтық-құқықтық қатынастардан, оның ішінде кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызметті жүзеге асыруға байланысты туындайтын құқық туралы дауларды, еңбек және отбасы құқықтық қатынастардан, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өзге де жеке құқықтық қатынастарынан, сондай-ақ жеңіл және ауырлығы орташа қылмыстар туралы іс бойынша қылмыстық-құқықтық қатынастар саласында туындайтын дауларды реттеу кезінде қолдануға бағытталған.
2015 жылдың қазан айының 31-і күні Мемлекет басшысы қол қойған жаңа Азаматтық процестік кодексінде дауларды шешудің баламалы тәсілдері қарастырылған.
Судьялардың VI съезінде Мемлекет басшысы сот тәртібінде қарауға жататын даулар санын қысқарту, оларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, отандық сот төрелігін қалпына келтіру мүмкіндігін беретін татуласу рәсімдерін және медиацияны дамыту маңыздылығын атап көрсеткен болатын. Осыған орай, кодексте алға қойылған міндеттерді орындауда дауларды реттеудің соттан тыс және сотқа дейінгі тәртібіне, соттағы татуласу рәсімдеріне көңіл бөлінген.
Дауды сотқа дейін реттеу тараптарға дауды (жанжалды) қысқа мерзімде, материалдық және моральдық аз шығындармен шешуге мүмкіндік береді.Тараптар шарттарда дауды медиатормен, нотариуспен немесе адвокатпен сотқа дейінгі  реттеу міндеттілігін қарастыра алады.
Дауды сотқа дейінгі тәртіпте шешуге тараптарды ынталандыру үшін сотқа дейінгі дауды реттеуде кінәлі тараптың келтірген шығындарды өтеуі, жауапкер кінәлі болмаған кезде талап қойылған жағдайда сот шығындарын өтеуден бас тартуы, ұтылған тараптың жұмыс уақытын жоғалтқаны үшін шығындарды өтеуі, жеке санаттағы істер бойынша мемлекеттік баж мөлшері көбейген.
Қолданысқа енген Азаматтық процестік кодексінің «Татуластыру рәсімдері» деп аталатын тарауы аты айтып тұрғандай, татулық шаралары мен бітімгерлік рәсімдеріне басты назар аударылған. Мұнда татуластыру рәсімдері жеке регламенттелгенін атап өтуге болады.
Тараптар арасындағы дауды (жанжалды) реттеуді медиация тәртібінде медиатор немесе тараптардың өтінішхаты бойынша судья жүзеге асырады. Бір іс шегінде тараптар бірқатар мәселелерді шеше алады. Өйткені талап қоюдың мәні мен негізінің бір мезгілде өзгертілуі шешіледі. Әсіресе бұл балаларға қатысты дауларды, мұра туралы туыстар арасындағы дауларды, көршілер арасындағы дауларды, еңбек ұжымындағы дауларды қарау және шешу кезінде оң ықпал етеді.
Қолданысқа  енген Азаматтық процестік кодексіне жаңа ұғым – «партисипативтік рәсім» кезінде дауды реттеу ұғымы енгізілгенін байқауға болады. Бұл сотқа қатысушылардың келіссөз жүргізу барысында дауды реттеуге адвокаттардың қатысуымен өтетін татуласудың жаңа тәсілі болып табылады. Аталған рәсім судьяның қатысуынсыз өтеді.
Партисипативтік рәсімде судья жан-жақты дауды зерттеп болғаннан кейін, шешім шығармастан бұрын екі жақтың өзара келісімге келуіне қорғаушыларымен бірге уақыт береді. Татуластырумен медиаторлар ғана емес, сонымен қатар бірінші және апелляциялық инстанция судьялары мен адвокаттар да айналысатын болады. Міне, осыны «партисипативтік рәсім» деп атаймыз. Биылғы жылдан бастап шешім шығаруға кеңесу бөлмесінде партисипативтік рәсімін қолданып, тағы да татуласуға жағдай жасалынып отыр.
Азаматтық  процеске партисипативтік рәсімді енгізудің мақсаты - екі тарапты да қанағаттандыратын тәсілмен дауды шешу болып табылады. Сонымен қатар, бұл тараптардың дауласу деңгейінің төмендеуіне, дау тудыратын жағдайларды шешу арқылы тараптар арасында тұрақты қарым-қатынас қалыптастыруға әкеледі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін459
mod_vvisit_counterКеше1241
mod_vvisit_counterОсы аптада6704
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда14345
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2266014

Серіктестер