Онлайн газет



Нұротандықтар еңбек ұжымымен кездесті

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Кеше, аптаның жұмасы күні, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты мәселелерді түсіндіру мақсатында Қызыл жұлдыз ауылдық округінде орналасқан «Rola-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымымен кездесу өткізілді.

Аталмыш кездесуге партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Байтақова қатысып, туындаған мәселелерге

түсінік беріп отырды және қорытынды сөз сөйледі. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі С.Қалмұратов, Саяси кеңестің мүшесі, орыс этно-мәдени орталығының жетекшісі Л.Горр, аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің бас маманы Н.Оразымбетов, «Rola-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымы мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан жиынды ашып, жүргізіп отырған Қызыл жұлдыз ауылдық округінің әкімі Ө.Нұрбаев өзінің кіріспе сөзінде Жер кодексінің қоғамдық резонанс туғызған  кейбір нормаларына Елбасының мораторий жариялағанын айта келе, бүгінгі таңда қоғамымызда осы мәселе бойынша кең көлемді түсінік жұмыстарын жүргізу қолға алынғандығын атап көрсетті.

 


Басқосуда  алдымен сөз алған аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің бас маманы Нұрлан Жаңабайұлы Жер кодексіндегі мораторий жарияланған баптарға тоқтала келіп, былай деді:   
–Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында елімізді әлемнің бәсекелестікке қабілетті отыз мемлекетінің санатына енгізуге бағытталған міндеттер анық көрініс тапқан. Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы жерлерін азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жекеменшігіне беру жөнінде Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар 2016 жылдың 1 маусымында күшіне енуі тиіс болатын. Дегенмен, халыққа жаңа Жер кодексін түсіндіру мақсатында Елбасымыз заңға 2017 жылға дейін мораторий жариялады. Осы орайда, жер-жерде жерге қатысты құрылған комиссиялар заңдағы өзгерістерді жұртшылыққа түсіндіру жұмыстарымен айналысуда. Жаңа заңда жердің ең алдымен, еліміздің азаматтарына ұзақ мерзімге жалға берілуі және кадастрлық құнына сай аукцион арқылы сатылуы көзделген. 
Баяндамашының ақпаратына сүйенер болсақ, өткен жылдың қараша айындағы есебі бойынша ауданның жер қоры 446 021 гектарды құраған. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 168 094 гектар, елдімекендердің жерлері 24 123 гектар, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс мақсатындағы жерлер 2 188 гектар, орман жер қорығының жерлері 220 592 гектар, су қорының жерлері 325 гектар, босалқы жерлер 30 699 гектар болса, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері тіркелмеген екен. Сонымен қатар, баяндамашы сөз соңында үстіміздегі жылдың 14 мамырынан бастап, ауданда құрылған Саll-орталығының жұмысы қайта жанданып, 2-24-63 байланыс телефоны жұмыс жасап жатқанын, бүгінгі таңға аудан тұрғындары тарапынан 25 қоңырау шалынып, қойылған сұрақтарға кезекшілер тарапынан тиісінше жауаптар берілгенін жеткізді.
Бұдан кейін ретімен сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі С.Қалмұратов, Саяси кеңестің мүшесі, орыс этно-мәдени орталығының жетекшісі Л.Горр, партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Байтақова басқосудағы еңбек ұжымының мемлекеттің қозғаушы күші екенін алға тартып, сол қозғаушы күштің еліміздегі даулы мәселелер аясында нақты ақпараттармен қамтылуы қажеттігін айтты.
Жер біздің ең басты байлығымыз. Осы жылдың аяғына дейін жерге қатысты заңды талқылауға, ұсыныстары мен ой-пікірлерін білдіруге әркімнің де мүмкіндігі бар екені айтылды.
Кездесу барысында ұжым мүшелері тарапынан Жер реформасы мәселелеріне қатысты туындаған сауалдарға нақты жауаптар берілді.

Обновлено 15.08.2016 15:28
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін342
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1531
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40532
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247918

Серіктестер