Онлайн газет



МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР-ІС ЖҮЗІНДЕ

М. Шалғынбайұлы,
«Ауыл жаңалығы».

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2050 жылға дейінгі бағдарламасында халықты азық түлікпен және шикізат өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығын дамытудың кешенді шаралары қарастырылғаны белгілі. Аталмыш бағдарламада арнайы кешендерді, фермерлік қосалқы шаруашылықтарды дамыта отырып, алдағы уақытта мал шаруашылығы өнімдерін көбейту көзделген. Сонымен қатар мал және шикізат өнімдерін өңдеуге үлкен мән берілген.
Осыған орай, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік бағдарлама аясында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жөнінде бізге берген мәліметтерін оқырман назарына ұсынбақпыз.
Ауданның шаруа қожалық жетекшілеріне мал шаруашылығындағы «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Жайылымдарды суландыру» және «Ырыс»  бағдарламалары туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Бүгінгі күнге «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жеті бірдей шаруа қожалығы жалпы сомасы 92,52 миллион теңге несие алу үшін құжаттарын дайындап өткізсе, бес шаруа қожалық 38,52 миллион теңге көлемінде несие алыпты.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша мүйізді ірі қара малын сатып алу жоспары 470 бас болса, бүгінгі таңда бес шаруа қожалығы 38,52 миллион теңгеге 237 бас мүйізді ірі қара малын сатып алған.
«Құлан» бағдарламасы аясында алты шаруа қожалығы жалпы сомасы 26,37 миллион теңге көлемінде қаражат алу үшін құжаттарын дайындап өткізсе, төрт шаруа қожалық 18,9 миллион теңге несие алған.
Осы «Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы сатып алу жоспары 280 бас деп болжанса, бүгінде төрт шаруа қожалық 18,9 миллион теңгеге 72 бас жылқы сатып алыпты.
Сондай-ақ аудан аумағында «Алтын асық» бағдарламасы бойынша да жұмыстар өз деңгейінде атқарылуда. Атап айтқанда, он бір шаруа қожалығы жалпы сомасы 59,077 миллион теңге несие алу мақсатында құжаттарын дайындаса, сегіз шаруа қожалығы  49,776 миллион теңге көлемінде несиеге қол жеткізген. Аталмыш бағдарлама негізінде қой сатып алу жоспары 1875 басты құраса, бүгінгі таңға осы шаруа қожалықтар жоспарды 108,9 пайызға асыра орындап, 2041 бас қой сатып алды.
«Ырыс» бағдарламасына байланысты жұмыстар да назардан тыс қалмай, осы бағытта Үлгілі ауылдық округінде орналасқан  «Асыл Мұра Қызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 200 бас, «Кеңесхан» шаруа қожалығы 150 бас сауын сиыр алуға қажетті құжаттарын дайындап, тиісті орынға өткізіпті.

Обновлено 15.08.2016 15:25
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін346
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1535
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40536
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247922

Серіктестер