Онлайн газет



Ақынға құрмет көрсетілді

Өмірде  қарапайым   болып көрінгенімен өнерде өзіндік  қолтаңбасы  бар Айтқұл ағамыз 70 жасқа  да келіп қалыпты.  Алла тағала бір басына бірнеше өнерді үйіп-төгіп бергендіктен атпал азаматтың  аудан тарихында  алатын орны айрықша.  Өткен сәрсенбі күні аудандық әл Фараби атындағы мәдениет үйінде ақынның  шығармашылық кеші «Муза -менің өнерім” атты

тақырыппен өтті.

 

Алдымен жиналған қауым ақынның  “Муза-менің өмірім” атты слайдты тамашалап, мың бұралған бишілердің өнеріне тәнті болды. Одан соң  аудан әкімінің орынбасары С.Кенжебаев ақынды  бүгінгі шығармашылық кешімен құттықтап,  өміржолына тоқталды.Саналы ғұмырын мәдениет пен өнерге арнаған Айтқұл ағаның “Шахан” халық театрын алғаш ұйымдастырып, негізін қалаған тұңғыш режиссер  ретінде ғана  емес, драматург-жазушы,театр-кино өнерінің режиссер-операторы, ұлағатты ұстаз ретінде  құрмет тұтатындығын айтып, шығармашылық табыс тілеп, аудан әкімі атынан иығына зерделі шапан  жауып, ілтипатын көрсетті. Байзақ ауданының Құрметті азаматы Р.Шәметов болса   ақынның өміржолы өзінің көз алдында өткендігін,  өнерін өміріне серік еткен  Айтқұлдың тынымсыз еңбегі өзін құрметке бөлеп отырғандығын айтса,   аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Тлепов  70 жасын үлкен жетістіктермен қарсы алып отырған Айтқұл Мамытқұлұлының  бастамасымен өткен ғасырда іргетасы қаланған “Шахан” халық театрының  қол жеткізген табыстарында ақынның  сүбелі үлесі барлығын жеткізді.  Жамбыл облыстық халық шығармашылығы мен мәдениет қызметкерлері үйінің  директоры Ғ.Садырбаев, Байзақ аудандық “Ауыл жаңалығы” газетінің Бас директоры  Б.Жақсымбетов  ақынның  өнер мен мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы  табыстарын тілге тиек ете отырып, жүрекжарды  лебіздерін білдіріп, сый-сияпаттарын  табыстады.Аудандық ардагерлер кеңесі атынан  аталмыш кеңестің төрағасы  К.Беспаев   мерейтой иесінің  иығына шапан жапты.
45 жылдық еңбек өтілінің жиырма жылын мәдениет пен өнерге, ал 25 жылын оқу-ағарту саласына арнаған  Айтқұл ағаға  деген  ыстық лебіздерін жырмен жеткізгендер де аз болмады. Н.Киікбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Омарова мен Мырзатай ауылының тұрғыны Б. Будеева    арнау жырларын оқып,  сияпаттарын   ұсынды.
Әнмен, жырмен көмкерілген кеште ақынның сөзіне жазылған әндерді Г.Әлімқұлова,  Н.Нұрбаев, Ө. Нұрбаев,  А.Жылысбаева,А.Исабаев, Ж.Сәлімбаева, К.Құрымбаева сынды әншілер әуелете шырқаса, күйшілер Дидар Басығараев пен Жалғас Исабаевтар домбырамен “Күйтартыс” шығармасын орындап, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді.
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Айтқұл Мамытқұлұлының  қаламынан туған  жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаевтың ерлігін паш еткен  «Қас батыр», «Ақәділ-Айтай», ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Кесапатты кезең кесірі»,  “Байзақ батыр” драмалары, кино саласындағы бірнеше фильмдері өз алдына бір төбе. Он кітаптың авторы. 
Кеште  «Байзақ батыр» драмасынан  үзінді көрсетілді. Өлімді қасқайып қарсы алған хас батыр-Байзақтың өр тұлғасын  сомдаған әл-Фараби атындағы  мәдениет үйінің  талантты  актері Ө.Нұрбаевтың   өнеріне  көрермендер дән риза болды.
Сарыкемер аспанын сырлы саз, әсем әуенмен көмкеріп, көңілдерге қуаныш ұялатқан  шара соңында  Айтқұл  аға шәкірттері, марқұм суырыпсалма айтыскер ақын Әзімбек Жанқұлиевті, бүгінде қазақ теледидарының жүргізушісі, ақын  Нәзира Бердалиеваны, «Жамбыл-Тараз» телестудиясының дикторы Алмат Садуақастегі және Айнұр Омарованы мақтан ететіндігін айта келе,  өзінің  жүрек түкпірінен шыққан  жырларын төгілтіп оқып,  өнерді құрметтеп келгендерге алғысын білдірді.
Әдемі кештің шымылдығы ақынның “Ақжүзім-ақмоншақ” әнімен  жабылды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 15.08.2016 15:23
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін583
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада583
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40773
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248159

Серіктестер