Онлайн газет



Халыққа қызмет- абыройлы міндет

А. Исабаев,
Байзақ аудандық мәслихатының депутаты, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері.

Қазақ халқы «Отан» - деген ұлы ұғымды ежелден құдірет тұтып, оны қорғауда, құрметтеу мен мадақтауда ешқандай күш – жігері мен өнерін аяп қалған емес. Сондықтан да ата – бабамыз Алтайдан Атырауға дейінгі ұланғайыр ұлы даланы ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап кейінгі ұрпағына – бізге аманат етіп қалдырды.
Ақ патшаның, одан кейін «Қызыл империяның» боданынан босап, еліміздің егемендік алғанына да биыл ширек ғасыр толғалы тұр. Тарихи өлшеммен ширек ғасыр қас қағым уақыт болғанымен, біз бүгін әлем таныған, экономикасы дамыған, өзіндік даму жолы бар мемлекетке айналдық. Ғасырлар бойы қазақтың әр баласына арман болған тәуелсіздік біздің кезеңімізге бұйырды. КСРО мемлекеттерінің арасындағы экономикалық байланыстар үзіліп, ел экономикасының құлдырауы кезіндегі күйзелісте Қазақстан халқы бірліктің мызғымастығын көрсетіп, қиыншылықтарды бірлесіп көтере білді. Бүгінгі жетістіктеріміздің басты шарттарының бірі Қазақстан халқының бірлігі мен достығы деп есептеймін. Егемендік алған алғашқы жылдарды көзімен көріп, көкірегімен түйсінген бүгінгі аға буын біздер де жас ұрпақпен бірге осы ұлы мерекенің 25 жылдығын тойламаққа әзірленудеміз. Біздің ендігі міндетіміз, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей егемендігімізді нығайту, дамыту, кейінгі ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру арқылы Отанымыз Қазақстанның жаңа белестерге көтерілуіне жол салу болып табылады.
Өнер адамы ретінде халық арасында жүрген жұмысым барысында отансүйгіштікті, достық пен татулықты насихаттауға тікелей араласқаныммен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзімнің үлесімді қосу мақсатында аудандық мәслихаттың 3 шақырылымында депутат болып сайландым. Байзақ аудандық мәслихаты алғаш 1994 жылы құрылып, ағымдағы жылдың наурыз айында алтыншы шақырылымы сайланды. Аудандық мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа алып өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауларын басшылыққа алып, әр шақырылымында қажеттілігіне қарай 45-50 сессиядан өткізіп, оларда аудан экономикасының дамуына, аудан халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал ету мақсатында 4-5-тен шешімдер қабылдап, олардың орындалуын бақылауға алынған. Кездесулер барысында сайлаушылардың айтқан ұсыныс, пікірлерін аудан деңгейінде көтеріп, оңды шешілуіне ықпал етіп отырады.
Егемендік алып, ел еңсесін тіктеген уақыттан бері ауданымыздың Жаңатұрмыс, Диқан -2 , Қызыл жұлдыз, Қарасу елді мекендерінде жаңа мектептер салынса, Түймекент ауылындағы 300 орындық білім ошағы 1 қыркүйекте балаларға есігін ашуға дайын. Алдағы уақытта Бурыл, Байзақ ауылдарында жаңа білім ордаларының құрылысын салу жұмыстары қолға алынуда. Қалған білім ошақтарына кезең-кезеңімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мектептермен қатар экономикалық күйзеліс кезінде жабылып қалған мәдениет ошақтары толығымен күрделі жөндеуден өтіп, халыққа қызмет көрсетуде. 2000 жылы ауданымызда бар болғаны 6 балабақша жұмыс істеген болса, бүгінгі күні олардың саны 29-ға жетті, оған қоса 6 шағын орталықтар бүлдіршіндерді тәрбиелеуде.Халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында ауданымызда 2010 жылдан бері 5 ауылда жаңа медициналық тіректер салынып, пайдалануға берілсе, жыл аяғына дейін Бурыл ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жаңа ғимараты пайдалануға беріледі деп күтілуде және келер жылы тағы 5 амбулаторияның құрылысы басталмақ.
Жалпы, қай саланы алсақ та тәуелсіз еліміздің экономикасы қарыштап дамып, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына көптеп көңіл бөлінуде. Осы жетістіктің барлығы тәуелсіздігіміздің жемісі мен жетістігі және баға жетпес құндылық екенін терең түйсініп, еліміздің тұрақтылығын сақтап, егемендігімізді нығайтуға баршамыз атсалысуымыз қажет. Егеменді Қазақстанның, қазақ елінің азаматы ретінде мен еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктері мен алған белестеріне ерекше қуанамын. Қуанышымыз ұзағынан болсын!
Бүгінгі жастар бақытты. Еліміз әлемге танылып, мәртебесі биіктеп келеді.Мұндайда  Д.Қонаев атамыздың «Мейірім шуағы мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ» деген қанатты сөзі-әрбір қазақ баласының көкейінен орын алса нұр үстіне нұр болар елі.

Обновлено 10.08.2016 16:52
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін688
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада688
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40878
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248264

Серіктестер