Онлайн газет



Тілге құрмет-елге құрмет

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен “Мемлекеттік тілге құрмет-әрбір азаматқа міндет” тақырыбындағы көшпелі семинар сәрсенбі күні әкімдіктің мәжілістер залында өтті.
Алқалы жиынды аудан әкімінің орынбасары С.Кенжебаев ашып, келген қонақтармен таныстырған соң сөз  Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғ.Боранбаеваға берілді.
Алдымен Ғалия Бектенқызы  семинардың басты мақсатына

тоқталды.
-Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі-ана тілімізді дамыту, оның қолданыс аясын кеңейту. Кез келген халықтың мәдениеті, саясаты, тағдыры мен болашағы оның тіліне тікелей байланысты. Тіл саясаты-ол егеменді еліміздің берік арқауы, әрі саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ететін ықпалды күш.
Мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілі – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тіліне айналды. Бұл біздің мемлекеттік тіліміздің мәртебесінің асқақтағаны, еліміздің ең маңызды жетістіктерінің бірі.
Қоғамдық сананы қалыптастыратын қозғаушы күштің бірі көрнекі ақпараттар екендігі белгілі. Бүгінгі таңда сыртқы көрнекі ақпарат мәтіндерінің қате жазылуы, мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттардың жүйелі сипат алмауы қоғамда жиі сынға ұшырап, халық наразылығын тудыруда.
Көшелердегі көрнекі ақпарат құралдарындағы жазулар мен мекеме маңдайшалары да елді мекеннің келбетіне үлкен үлес қосары сөзсіз.
Сыртқы көрнекі ақпарат кез келген өңірдің сауаттылық бет-бейнесін айқындап, сол өңір халқының мемлекеттік тілге, тіл саясатына деген құрметін білдіретіні анық.  Бұл ретте жазулардың сауатты  әдемі, айшықты жазылуымен қатар тілдік ереже талаптарына сай қолданылуы да маңызды,-дей отырып, баяндамашы   “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” заңның орындалуын жүзеге асыру, тіл сауаттылығын мен  мәртебесін арттыру, тіл мәдениетін қалыптастыру, сыртқы көрнекі ақпараттарды заңнама талаптарына сәйкестендіру жұмыстарын реттеу, жүйелеудің маңызын баса айтты.
Бұдан соң ономастикалық жұмыс бөлімінің басшысы С. Төрегелдиев “Мемлекеттік мекеме маңдайшалары мен көше аншлагтарын әзірлеу  және орналастыру тәртібі” жөнінде  баяндама жасады. Жіберілген кемшіліктер жан-жақты айтылып,  дұрыс жазылу үлгілері слайд арқылы көрсетілді. “Іс қағаздары рәсімдеу тәртібін” баяндаған  тілдерді оқыту орталығының аға әдіскері А. Абдрахманова болса  мемлекеттік  қызметшілерге іс қағаздарды дұрыс рәсімдеуді ұйымдастыру, оларды түрлеріне қарай топтастыру, құжаттардың құрамы, жіктелуі, құжат деректемелерінің орналасу тәртібі мен жазылу стилін, ресми құжаттардың ерекшеліктері және құжат рәсімдеуде ескерілетін қағидаларға жеке-жеке  тоқталды.
Семинарда Суханбаев, Дихан,  Үлгілі,  Бурыл ауылдық округтердің әкімдері  М. Өзбеков,  Д. Мәдешов, Е. Әліқұлов  аншлагтарды орналастыру тәртібі жайында сұрап,  нақты жауаптар алды.
Семинарды аудан әкімінің орынбасары С. Кенжебаев қорытты.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 08.08.2016 17:34
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін489
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада489
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40679
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248065

Серіктестер