Онлайн газет



Түсінік жұмыстары жүргізілді

Таяуда  Сарыкемер ауылдық округіне қарасты ауылдық ардагерлер алқасына тұрғындар атынан шағым түскен болатын.  
Онда аудан орталығындағы Ш. Алтаев көшесінің бойында тұратын бір топ қариялар   жиналып алып, көше бойында ертеден қас қарайғанша  карта ойнайтындығы,  көше бойымен өтіп бара жатқан  жолаушылар, олардың арасында бүлдіршін ерткен жас ару,  ақ жаулық аналарды ескерместен жоғары-төменді сөйлейтін қарияларға шара  қолдануды сұранған екен. Мұнымен қатар  Сарыкемерден Байзақ ауылына шыға беретін жол бойындағы бейітке қарама-қарсы  бетте  аудан орталығы мен Байзақ, Жаңатұрмыс ауылдарына жолаушылар таситын жеке таксистер де картаны ермек етіпті. Құмар ойынға жататын картамен “дос” болған қазыналы қариялар мен  таксистердің ерсі әрекеттері  өсіп келе жатқан жасөспірімдерге  кері әсер ететіндігін айтып шағымданған тұрғындардың өтініші бойынша арнайы топ құрылып, рейд ұйымдастырылды. Топтың құрамындағы Сарыкемер ауылдық округі ардагерлер алқасының төрағасы Б. Сарсенов,    учаскелік полиция қызметкері Н. Көпбосынов,  округтің қаржы шаруашылық бөлімшесінің  меңгерушісі  Ә. Абашев секілді  азаматтар  алдымен Ш. Алтаев көшесіне, содан соң таксистер  тұратын   аялдамада  болып,  “кейіпкерлермен”  кездесіп, түсінік жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, Сарыкемер ауылдық  округі  ардагерлер  алқасының төрағасы Б.Сарсенов  көше бойында топталып,  қоғамға жағымсыз әсер ететін істермен шұғылдану-дұрыс емес екендігін, әулеттің  қазынасы саналатын-қарияларымыз жастарға  үлгі көрсететін шаруамен айналысуды ұсынса, учаскелік полиция қызметкері қолында патенті жоқ таксистердің  заңды белден басып жүргендіктен жауапкершілікке тартылатындығын, қоғамдық орындарда заңдылықты сақтауға міндетті екендіктерін ескертті.

Өз тілшіміз.

Обновлено 08.08.2016 17:27
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін217
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1406
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40407
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247793

Серіктестер