Онлайн газет



МӘЖІЛІСТЕ: Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы қаралды

Б.Жақсымбетов,
«Ауыл жаңалығы».

Аудан әкімдігінің мәжілістер залында аудан әкімі М.Шүкеевтің төрағалығымен өткен жиында  өңіріміздің  2016 жылдың қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы сөз қозғалды. Бұл мәселе бойынша баяндама жасаған аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы  Д.Жақыпбеков ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарымен қаңтар-маусым айларында 919,2 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 84,1 пайызды құрағандығын  айтты.
Ал, аудандағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі есепті кезеңде 5 млрд. 226 млн. теңгені, немесе өткен жылмен салыстырғанда 99,2 пайызды құраған.
Дулат Бекбосынұлы сонымен қатар, елдімекеніміздегі егістіктердің тыныс-тіршілігі, «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық», «Ырыс»,  «Жайылымдарды суландыру» бағдарламаларының орындалуы, ауылшаруашылығы техникаларын сатып алу бойынша жасалып жатқан жұмыстар, салық түсімі, аудандағы  ветеринарияның жай-күйі, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы, «Өңірлерді дамыту», «Жұмыспен қамту -2020 жол картасы», мемлекеттік, салалық, аумақтарды дамыту бағдарламаларының орындалуы жайында да сөз қозғады.
Яғни, «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасына қатысушылар санының жоспары биылдыққа 1997 адамды құраса, жыл басынан қамтылғаны 1093 немесе 54,7 пайыз болған. Мемлекеттік, салалық, аумақтарды дамыту бағдарламаларына 84 адамды жұмыспен қамту көзделсе, бүгінде оның 34-і орындалған.
Баяндамашы білім, спорт, денсаулық сақтау, мәдениет салаларындағы мәнді тірліктер, кемшін тұстар және діни бірлестіктермен жұмыс, аудандағы жолдардың жөнделуі, қылмыспен күрес және оның алдын алудағы қолға алынған шаралар мәселелеріне де тоқталды.
Мұнан кейін мінбеге көтерілген Бәйтерек, Диқан ауылдық округтерінің әкімдері М.Қилыбаев пен Қ.Исмайл өз елдімекендеріндегі елеулі істерді тілге тиек етті.
Жиында үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру, мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота, сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған бірнеше азаматқа қамқоршылық белгілеу және жер учаскелеріне қатысты мәселелер кеңінен қаралып, тиісті қаулы қабылданды.

Обновлено 03.08.2016 17:14
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін169
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1358
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40359
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247745

Серіктестер